Ұрлық және тонаушылық

Ұрлық, тонаушылық – өзгенің мүлкін, ақшасын ұрлау, рұқсатсыз алу, күштеп тартып алу, өзгенің меншігін ақысыз (әділетсіз) түрде өз иелігіне өткізу деген сөз. Рұқсатсыз алынған және ұрланған нәрселер арзымаған нәрсе болса да, үкімдері бір және харам болып табылады. Ұрлық жасау  үлкен күнәлардың бірі. Еркектерден де, әйелдерден де, бұл күнәға тұтылған адамдар өте көп. Сондықтан ұрлықтың не екенін біліп, одан сақтану керек. Ниса сүресінің 29-аятында: «Ей иман еткендер, бір-бірлеріңнің меншіктеріңді араларыңда бұрыс жолмен жемеңдер. Яғни Исламның харам еткен пайыз, құмар, ұрлық және күштеп тартып алу секілді бұрыс жолдарымен жемеңдер. Тек қана бір-бірлеріңнен разы болатын түрде болсын, сауда жолымен болсын» делінген.

Өтірік айту, өсек айту, ғайбат ету, жала жабу, ұрлық, айла, қиянат ету, адамдарды ренжіту, фитна шығару, өзгенің затын рұқсатсыз қолдану, жұмысшының, жүк тасушының бейнетақыларын бермеу күнә болады. Бұларды мұсылман болмаған адамға да, мұсылман емес мемлекетте де жасау күнә болады. Ғибадаттардың қабыл болуы үшін ұрлық, айла (саудада қулық) және қиянат секілді күнәлардан тыйылу керек.

Ұрлық үлкен күнәлардан болуымен қатар, басқа да үлкен күнәларға да жол ашуы мүмкін. Мәселен адам өлтіруге, мал-мүлкінің ұрлануымен шарасыз, ғаріп жағдайға түскен адамның дінінің, дүниесінің зиянға ұшырауына т.б. Ұрланбағанда ол мал-мүліктің қайырлы істерге жұмсалатын болуы, яғни ұрлап бұған кедергі болу күнәны одан да арттыра түседі. Мәселен қайырымдылық қорларының ақшаларын ұрлау бұл күнәны арттыра түседі.

Мұқтаж, шарасыз қалған адам да ұрлыққа, тонаушылыққа ұрынбауы тиіс. Жұмыс тауып, еңбек етіп, халал жолмен табыс табуы керек. Қажеттілігін қамтамасыз ететіндей мөлшерде қарыз алу керек. Қайтарып беру ниетімен қарыз сұраған адамға қарызын қайтаруға Аллаһ  тағала көмектеседі.

Related Post

Дәретті бұзатын амалдарДәретті бұзатын амалдар

С: Кіші дәрет қашан бұзылады? Ж: Дәрет мынандай әрекеттерге жол бергенде бұзылады. Оларды дәретті бұзатын амалдар дейді.

Бізге берілген ең үлкен мүмкіндік ол — дұғаБізге берілген ең үлкен мүмкіндік ол — дұға

Автор: Әду Нұрболат ( Ғибратнама ) Дұғаның қабыл болуы немесе қабыл болмауы адамның рушылдығынан немесе әруақтардың қолдауымен емес, керісінше адамның шариғат үкімдерін қаншалықты деңгейде орындағанына байланысты. Пенде Алла Тағаланың үкімін

ДЕНІ САУ ҰРПАҚ-ЕЛ БОЛАШАҒЫДЕНІ САУ ҰРПАҚ-ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Күні кеше Сарыағаш медресе колледжіне қарасты “Сманов Шәкір Ешан” атындағы спорт кешенінде 25 қазан-Республика күнінеорай «Дені сау ұрпақ-ел болашағы» атты колледж білім алушыларының арасында спорттық жарыс өтті. Жарыс барысында кіші