Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде, колледж директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлының бастамасымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілді.

Мерекелік шараға арнайы қонақтар қатысып, ел бірлігі мен татулығын дәріптеген тағылымды жиын өтті. Атап айтқанда, аудандық қасақалдар кеңесін бірнеше жыл абыроймен басқарған, қазіргі таңда зейнеткер, абыз ақсақал Сүлейменов Мұстапа мырза, аудандық ардагерлер кеңесінің қазіргі төрағасы Арапбаев Садық мырза, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исахов Ергеш мырза, Әжелер алқасының төрайымы Мауленова Күлшат ханым және ауданның бас имамы Төлебеков Тұрлыбек қатысып, ізгі тілектерін білдіріп, ақ баталарын берді.

Іс-шара барысында қонақтарға ақ дастархан жайылып, Наурыз көже ұсынылды. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойнатылып, халқымыздың салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Шәкірттер ұлттық өнерден көріністер көрсетіп, мерекенің сәнін арттырды.

Наурыз – жаңару мен бірліктің, татулық пен берекенің мерекесі. Осындай тағылымы мол шаралар арқылы жас ұрпаққа ұлттық құндылықтар дәріптелуде.

Сарыағаш медресе колледжі баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтайды! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

https://www.instagram.com/reel/DWekw-BjJL8/?igsh=ZGlqYnFueGcxajM=

Related Post

Отанды сүю - Иманнан.

Отанды сүю — Иманнан.Отанды сүю — Иманнан.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздірінің 30-жылдығына орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезетте орындау республикалық акциясын Сарыағаш медересе колледжі орындады. Отанды сүю — Иманнан. Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың

⚜️25 Қазан “Республика күні” мерекесіне орай «Сарыағаш медресе колледжінде» салтанатты жиын өтті. Аталған іс-шараны колледж студенттері жоғары деңгейде өткізді. Отанын сүйюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азамат болуға үндейтін тақырыптар кеңінен насихатталды⚜️25 Қазан “Республика күні” мерекесіне орай «Сарыағаш медресе колледжінде» салтанатты жиын өтті. Аталған іс-шараны колледж студенттері жоғары деңгейде өткізді. Отанын сүйюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азамат болуға үндейтін тақырыптар кеңінен насихатталды

https://www.instagram.com/p/DBf2pP7Nd7i/?next=%2F