18 наурыз – Ұлттық киім күні құтты болсын!


Сарыағаш медресе колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов баршаңызды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтайды.

Бұл күн Наурыз мейрамы аясында аталып өтіп, қазақ халқының дәстүрлі киімдерін дәріптеуге арналған. Ұлттық киім – халқымыздың тарихының айқын көрінісі. Әрбір ою-өрнекте ұлттың болмысы, мәдениеті мен тағылымы терең бейнеленген.

Ұлттық киім – сән үлгісі ғана емес, ол халықтың тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын және ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін танытатын асыл мұра. Сондықтан бұл күннің мәні ерекше.

Төл дәстүрімізді ұлықтап, ұлттық құндылықтарымызды бірге дәріптейік!

Related Post

1- Сәуірде өтірік сөйлеуге бола ма?1- Сәуірде өтірік сөйлеуге бола ма?

Басқа қалада ата анадан ұзақта жұмыс істегеніне бір жылдан асты. Үйге деген сағыныш, көктемнің жайма шуақ күнінде, жұмыстан шаршап келіп ойға шомып отырған,  Айдарды шырылдаған телефон үні селт еткізді. Ұялы

АУДАН ӘКІМІ САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТЫНЫС ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫАУДАН ӘКІМІ САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТЫНЫС ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Аудан әкімі Арман Айдарұлы Сарыағаш медресе колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты. Оқу ғимараттарының білім беру стандарттарына сәйкес келуімен және соңғы үлгідегі әрбір аудиторияларға кіріп, студенттердің қаншалықты білім алып жатқанын өз көзімен көрді.