АУДАН ӘКІМІ САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТЫНЫС ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Аудан әкімі Арман Айдарұлы Сарыағаш медресе колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты. Оқу ғимараттарының білім беру стандарттарына сәйкес келуімен және соңғы үлгідегі әрбір аудиторияларға кіріп, студенттердің қаншалықты білім алып жатқанын өз көзімен көрді.

Сондай-ақ оқу ордасының басшылық ғимаратымен де танысқан аудан әкімі оқу бөлімімен бірге арнайы білім беру пәндер кафедрасының қызметімен де танысып, өз ақыл кеңесін берді.

Медресе – діни руханияттың қайнары, еңбексүйгіштік, мейірімділік, патриотизм сияқты адамгершілікке үндейтін құндылықтарға бағытталған.

Діни қызметкерлер жастарға осы құндылықтардың мағынасын, конфессияаралық диалог негіздерін түсінуге баулиды. Қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз ету арқылы ғана біз халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндігіне қол жеткізе аламыз,-деді аудан әкімі.

Аталмыш медресе колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов аудан әкіміне алдағы уақытта медресенің білім сапасы, оқу бағдарламасына қатысты атқарылар іс-шаралар мен игі қадамдар жайында ой бөлісті.

Сонымен қатар, аудан әкімі «Сатыбалды Әбішұлы» атындағы Ислам орталығына барып, құлшылық ордасының жұмысымен танысты. Аудан әкімі мешіт аумағын аралап, көркейту бағытында жасалған жұмыстарды көзден кешіріп, игі іске сәттілік тіледі.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Related Post

Мұсылмандардың ең жақсысы болайық!Мұсылмандардың ең жақсысы болайық!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын Алла тағалаға таусылмайтын мадақ-мақтаулар болсын. Пайғамбарымызға мейілінше, кәміл салауаттар болсын. Әбу Һурайрадан (Алла одан разы болсын) риуаят етіледі: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен

АшуланбаАшуланба

Бір күні пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір тайпаның көсемі келеді. Қайтарында: «Мырзам, маған бір насихат беріңіз!» деп сұрайды. Пайғамбарымыз алейһисалам оған: «Мұқият бол, Ашуланба!» дейді. Тайпаның көсемі бұл қысқа

Құранды жатқа оқу бойынша сайыс болып өтті.Құранды жатқа оқу бойынша сайыс болып өтті.

20.05.2022 ж.Сарыағаш медресе колледжі студенттерінің ұлдар арасында да құранның V,III,I парасын жатқа оқу бойынша сайыс болып өтті. Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Ол тұтқадан ұстағанды Алла Өзі