Аталған басқосу – жас түлектердің алдағы жауапты кезеңге қадам басар алдындағы рухани әрі академиялық дайындықтарын пысықтауға бағытталған мазмұнды кездесу болды.
Жиын барысында колледж директоры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы сөз сөйлеп, бітіруші түлектерді алда күтіп тұрған мемлекеттік емтиханның маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Ол өз сөзінде емтиханның өту тәртібі, қойылатын талаптар мен бағалау жүйесі туралы нақты әрі түсінікті мәліметтер беріп, шәкірттерге бағыт-бағдар көрсетті. Сонымен қатар, білім алушыларға осы сындарлы кезеңде аса жауапкершілік танытып, тыңғылықты дайындық жүргізудің маңызын ерекше атап өтті.
Директор өз сөзінде тек біліммен шектеліп қалмай, шәкірттердің рухани кемелденуі мен адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы да басты назарда болуы керектігін жеткізді. Ол жас түлектерге елге, жерге және дінге адал қызмет ету – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін айрықша атап өтіп, алған білімдерін халық игілігі жолында жұмсауға шақырды. Сонымен бірге, ұстаз бен шәкірт арасындағы сенім мен сабақтастықтың маңызын тілге тиек етіп, болашақта қоғамға пайдалы, иманды әрі білімді азамат болып қалыптасуға үндеді.
Сарыағаш медресе колледжінің бітіруші түлектеріне алдағы мемлекеттік емтиханда сәттілік тілейміз! Еңбектеріңіз жанып, талаптарыңыз оң болып, ел игілігі жолында аянбай қызмет ететін білікті де парасатты маман иесі болуларыңызға тілектеспіз.
https://www.instagram.com/reel/DWyqch4jAUr/?igsh=MW5zb2VpcTFuY3Rqcg==
