Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде Түркістан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хайридинов Зуһриддинге жолданған тапсырмаға сәйкес, облыс прокурорының орынбасары Дәулет Бекбашұлы Тілемисовтың қатысуымен “Қауіпсіз балалық шақ” жобасы аясында Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир форматында онлайн жиналыс өткізілді. Аталған жиналыс колледждің әлеуметтік педагогы Асанова Балжан мен психолог Таңиркулова А. ұйымдастыруымен өткізілді.
Жиналыс барысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен міндеттері, ата-аналардың жауапкершілігі, сондай-ақ буллинг пен кибербуллингтің, суицидтің алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар жасөспірімдердің еңбек қызметіне қатысты заңнамалық талаптар мен интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу аясында прокуратура органдарының бала құқықтарын қорғау бағытындағы қызметі, азаматтарды қабылдау тәртібі және электронды түрде өтініш беру мүмкіндіктері таныстырылды.
Жиналыс қорытындысы бойынша студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жалғастыру, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу шараларын күшейту, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында жүйелі түрде кездесулер ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
https://www.instagram.com/reel/DXuDIN-DA4C/?igsh=MXYwOGFiYWFtcmY5ZQ==
