Бас Мүфти белгілі ғалым Әбсаттар Смановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшесі, «Сарыағаш» медресе колледжінің директоры, белгілі дінтанушы ғалым Сманов Әбсаттар Шәкірұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты.«Еліміздің діни саласында үлкен қайғылы оқиға орын алды. Асыл дініміздің өркендеу жолында талай жыл табанды еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеген бауырымыз, танымал теолог Әбсаттар Шәкірұлы дүние салды. Марқұмның отбасына, ағайын-жұртына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұжымы, Ғұламалар Кеңесі атынан көңіл айтамын. Ә.Смановтың жазған еңбектері мен діни-ағарту саласына қосқан үлкен үлесі еліміздің дін қызметкерлері үшін әрқашан үлгі болмақ. Марқұмның жаны жәннатта болғай! Алла алдынан жарылқап, мейірімі мен рахымына бөлегей! Әмин!» – делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.Сманов Әбсаттар Шәкірұлы 1989-1993 жылдар аралығында Өзбекстандағы имам әл-Бұхари атындағы Жоғары Ислам институтын үздік дипломмен бітірді. 1995-2002 жылдар аралығында «Таяқты Ешан» мешіті жанындағы сауат ашу курсын басқарды. 2009 жылдан бері ҚМДБ жанындағы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі. Осыған дейін «Сарыағаш» медресесін басқарды. 2008-2010 жылдары Құран Кәрімді қазақ тіліне аударды.

ҚМДБ Баспасөз қызметі

www.muftyat.kz

Related Post

Қазақ қыздарынаҚазақ қыздарына

Ата-бабамыз ежелден қыз баланы қатал және ерекше тарбиелеген. Оларды құрметтеп төрден орын берген!Ол жайында көптеген мақал-мәтелдерді айтуға болады!

Найб мүфти Сарыағаш медресе колледжінде болдыНайб мүфти Сарыағаш медресе колледжінде болды

Сарыағаш медресе колледжінде, ҚМДБ-ның төраға орынбасары, найб мүфти Бауыржан Есмахан және ҚМДБ мешіт істер бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігіт, ОҚО өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы колледжіміздің тыныс тіршілігімен танысып қайтты. Найб

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжіндеоблыс прокурорының орынбасары Дәулет Бекбашұлы Тілемисовтың қатысуымен “Қауіпсіз балалық шақ” жобасы аясында Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир форматында онлайн жиналыс өткізілді.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжіндеоблыс прокурорының орынбасары Дәулет Бекбашұлы Тілемисовтың қатысуымен “Қауіпсіз балалық шақ” жобасы аясында Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир форматында онлайн жиналыс өткізілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде Түркістан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хайридинов Зуһриддинге жолданған тапсырмаға сәйкес, облыс прокурорының орынбасары Дәулет Бекбашұлы Тілемисовтың қатысуымен “Қауіпсіз