Сарыағаш медресе колледжінің арнайы пән оқытушысы – республикалық байқаудың жеңімпазы!

Қуанышпен бөлісеміз!

Сарыағаш медресе колледжінің теология саласында қызмет етіп жүрген ұстазы Хайридинов Зухридин Заинидинович
«Үздік теолог – 2025» атты республикалық байқауда жүлделі І орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды.Бұл байқау еліміздегі діни білімнің сапасын көтеру, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, дін мен дәстүрді ұштастыру, сондай-ақ теологиялық біліктілікті насихаттау, дін мамандарының беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Осындай үлкен додада ұстазымыздың озық білім мен тәжірибе көрсетіп, үздіктер қатарынан табылуы – біз үшін үлкен мәртебе! Бұл жетістік — колледжіміздегі ұстаздар құрамының сапасын, білім мен тәрбиенің жүйелі жүріп жатқанын дәлелдейді.

Сарыағаш медресе колледжі ұжымы атынан Зухридин ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Алла Тағала ілімін арттырып, дін жолындағы еңбегіне береке берсін!

Оқушыларымыз бен талапкерлер үшін бұл — үлкен мотивация!
Дінге қызмет ету — абыройлы жол!

Related Post

БОЛАТБЕК ҰСТАЗ

БОЛАТБЕК ҰСТАЗ ШӘКІРТТЕРГЕ УАҒЫЗ АЙТТЫБОЛАТБЕК ҰСТАЗ ШӘКІРТТЕРГЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ

Сәрсенбінің берекелі күнінде, Жаратқан сәтін салып Болатбек ұстазымыздың уағызын тыңдауға шәкірттер жиналған болатын. Екінті мен шам намазының арасында айтылған насихат ілім ізденушілердің оқуға деген көзқарастарына жаңаша дем беріп, осы жолда