Рамазан – Құран түскен қасиетті, берекелі ай. Осы айдың құрметіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде 1 және 4 курс шәкірттері арасында Құран Кәрімнен жарыс бастау алды.
Жарыс I, II және V пара аралығында ұйымдастырылып, шәкірттер қасиетті аяттарды көркем дауыспен оқып, жатқа айтуда өзара бақ сынауда. Мұндай игі шара шәкірттердің Құранға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттырып, жүректеріне Құран нұрын ұялатуға үлкен себеп болмақ.
Алдағы уақытта жарыс өз жалғасын тауып, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болған шәкірттер қасиетті Қадір түнінде марапатталатын болады.
Пайғамбарымыз хадисінде: «Құранды оқыңдар. Өйткені ол Қиямет күні өз иелеріне шапағатшы болып келеді», – деген.
Алла Тағала оқылған Құрандарды қабыл етіп, баршамызды Құранмен өмір сүретін құлдарынан етсін.

