Пітір садақасы

С: Пітір садақаның үкімі не?

Ж: Пітір садақа беру күнделікті қажетінен артық, яғни тұратын жайынан, киім-кешегінен, үйіндегі тұрмыстық құрал-саймандардан, көлігінен, арттырған байлығы нисапқа жететін бостандықтағы, мұсылманға парыз.

С: Пітір садақаны ккім береді?

Ж: Әр бір мұсылман пітір садақаны өзі үшін, жас балалары үшін және өзге дін өкілдері болса да, қол астындағы  қызметкерлері үшін береді.

С: Балиғатқа жетпеген жас баласы үшін, баласының мал- мүлкінен бере ме, немесе өзінің жанынан бере ме?

Ж: Баланың дәулеті болса содан береді, болмаған жағдайда өзінің қалтасынан береді.

С: Ер кісі әйелі мен балиғатқа жеткен үлкен перзенттері үшін пітір садақа беруі тиіс пе?

Ж: Оның қарамағында болмағанымен де олар үшін өз жанынан беруге тиіс емес. Дегенмен, бергенні жақсы.

С: Пітір садақа беру қашан уәжіп саналды?

Ж: Ол садақа пітір күнінің таңы атқанда – уәжіп.

С: Оның  мұстахаб уақыты барма?

Ж: Иә, пітірді айт намазына дейін беру мұстахаб саналады.

С: Пітір белгіленген күнінен бұрын берудің үкімі қалай?

Ж: Ол да болады.

С: Пітір күнінен кешіктірсе қалай?

Ж: Пітір айт намазынан кешігіп, пітір садақаны бере алмаса оның садақасы мойнына түспейді. Міндетті түрде беруі керек.

С: Пітір садақа кімге беріледі?

Ж: Байлығы нисапқа жетпейтін  міскіндерге беріледі.

С: Берудің сауабы қандай?

Ж: Әбу Дауд Абдулла бин Аббастан (р.а) риуаят екен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у) : «Пітір садақа ұсталған оразаны, сол күндері біліп- білмей айтылған жаман сөздерден  тазалау үшін міскіндерге  тағам ретінде беріледі»,- дейді.

С: Пітір садақаның мөлшері қанша?

Ж: Пітір садақаның мөлшері бидайдан жарты «саа» , арпадан бір «саа».

(1-саа , 3кг 600гр тең келеді)

С: Бұлардан басқа нәрселерден, мысалы: дирһамнан, ақшадан, жүгеріден, күріштен пітір берудің үкімі қандай?

Ж: Бұлардың құнынан да беріледі. Бидай, құрма, мейіз, арпадана басқасынан кем дегенде осылардың бірінің құнымен  пітір садақа беруді ниет етсе болғаны.

Related Post

Сарыағаш медресе колледжінің ұстаздары біліктіліктерін арттырдыСарыағаш медресе колледжінің ұстаздары біліктіліктерін арттырды

Сарыағаш медресе колледжінде «Таlap» КЕАҚ ұйымдастыруымен 09.02-23.02.2022ж. күндер аралығында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу» бағдарламасы бойынша колледждің

Әскерилер арасында Құран оқудан жарыс өткізілмекӘскерилер арасында Құран оқудан жарыс өткізілмек

Тегеран мұсылман мемлекетінде әскери қызметкерлер арасында қасиетті Құран кәрімнен жарыс өткелі жатыр. SalamNews сайтының хабарлауынша жарысты ұйымдастырушы Иранның Жоғарғы Кеңес мәдениетінің бастамасы. Жарыста 80 ге жуық әскери қызметкерлері, 21 ислам мемлекетінен, соның