Сарыағаш медресе колледжі барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтайды!

Алғыс айту күні – халқымыздың бірлігі мен татулығын, өзара сыйластық пен бауырмалдықты айшықтайтын ерекше мереке. Бұл күн – бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп, жүректегі жылы сөзімізді арнайтын, өткенге шүкір етіп, бүгінге тәубе айтатын тағылымды сәт.

Қазақ халқы ежелден кеңпейіл, дархан көңілді, қиындықта бір-біріне сүйеу бола білген ел. Осындай асыл қасиеттеріміздің арқасында бірлігіміз бекемделіп, тәуелсіз еліміз нығая түсті. Сондықтан бұл мереке – тек алғыс айту ғана емес, татулықты қадірлеу, жақсылықты көбейту, мейірімді болуға ұмтылу күні.

Жақсылық жасап жарысайық, бір-бірімізге демеу болып, ізгі ниетімізді аямайық. Алғыс айту күні құтты болсын!

Related Post

Құдықты нәжістерден, лас-кір заттардан тазалауҚұдықты нәжістерден, лас-кір заттардан тазалау

 С: Құдық суы таза екені атап өтілді. Дегенмен, оған нәжіс түссе қалай тазаланады? Ж: 1) егер құдыққа кір-қоқыс түссе немесе оның ішіне әлдебір жануар түсіп, өліп қалса, оның ішіндегі барлық

Талақ кітабыТалақ кітабы

ТАЛАҚ КІТАБЫ  «Егер олар әйелдерін талақ етуді ниет етсе, шындығында  Алла (олардың сөздерін) есітіп, (ниеттерін) біліп тұрады».  Құран кәрім,