Құран жарысы

Рамазан – Құран түскен қасиетті, берекелі ай. Осы айдың құрметіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде 1 және 4 курс шәкірттері арасында Құран Кәрімнен жарыс бастау алды.

Жарыс I, II және V пара аралығында ұйымдастырылып, шәкірттер қасиетті аяттарды көркем дауыспен оқып, жатқа айтуда өзара бақ сынауда. Мұндай игі шара шәкірттердің Құранға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттырып, жүректеріне Құран нұрын ұялатуға үлкен себеп болмақ.

Алдағы уақытта жарыс өз жалғасын тауып, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болған шәкірттер қасиетті Қадір түнінде марапатталатын болады.

Пайғамбарымыз хадисінде: «Құранды оқыңдар. Өйткені ол Қиямет күні өз иелеріне шапағатшы болып келеді», – деген.

Алла Тағала оқылған Құрандарды қабыл етіп, баршамызды Құранмен өмір сүретін құлдарынан етсін.

Related Post

⚜️Адамзаттың асыл тәжі болған, ақырғы елші Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген мүбәрак мәуліт айының құрметіне орай колледжіміздеПайғамбарымыз (с.а.у) өмірбаянынан шәкірттер арасында сайыс ұйымдастырылды.⚜️Адамзаттың асыл тәжі болған, ақырғы елші Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген мүбәрак мәуліт айының құрметіне орай колледжіміздеПайғамбарымыз (с.а.у) өмірбаянынан шәкірттер арасында сайыс ұйымдастырылды.

🔰Сира жарысының бүгін алғашқы күні яғни іріктеу кезеңі болып өтті.Сайыстың мақсаты шәкірттерді Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген ықыласын арттыру және өміріне деген қызығушылығын тудыру. 🔰Алдағы уақытта сайыс

Үлкен жақсылықҮлкен жақсылық

Бір күні бір кісі үйінің есігін ашқанында полициялар тұрғанын көреді. Қобалжып: — Бірдеңе керек пе еді?- деп сұрайды. Комиссар: — Үйіңізді тонаған ұрыны ұстадық, -деп жауап береді. Әлгі кісі шамалы