15 наурыз – Қайырымдылық күні

15 наурыз – мейірім мен ізгілікті дәріптейтін Қайырымдылық күні. Осы игі күнге орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінің шәкірттері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Шара барысында шәкірттер қайырымдылық жасап, ізгі ниеттерін білдірді. Мұндай игі амалдар қоғамда мейірімділік пен бауырмалдықты арттырып, адамдарды жақсылық жасауға үндейді.

Ислам діні де қайырымдылық жасап, өзгелерге жақсылық жасауды үлкен сауапқа балайды. Пайғамбарымыз «Адамдардың ең жақсысы – адамдарға пайдасы тигені» деген.

Осындай игі шаралар арқылы шәкірттердің жүрегінде мейірім, жанашырлық және жақсылыққа ұмтылу сияқты асыл қасиеттер қалыптасады.

Related Post

⚜️31 наурыз күні Сарыағаш медресе колледжінде жылдық жоспарға сай кезекті әдістемелік кеңес болып өтті.⚜️31 наурыз күні Сарыағаш медресе колледжінде жылдық жоспарға сай кезекті әдістемелік кеңес болып өтті.

Әдістемелік кеңес барысында:✅ Оқытушылардың кәсіби бағыттағы баяндамалары тыңдалды;✅ Жаңа әдістемелер мен инновациялар таныстырылды;✅ “Ұстаз, арнайы және кәсіптік пәндер” бірлестігінің атқарған жұмыстарының нәтижелері сарапталды. Бұл шараның жоғары деңгейде өтуіне:📌 Директордың оқу-әдістемелік