Шөлден келген шипа – Құрма

Рамазан айының және дастархандардың бас мәзірі болған құрма – жай ғана жеміс емес, ол денсаулық қоймасы. Атап айтқанда:

  • Құрманың құрамындағы фосфор мидың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Шаршағанда жақсы көмектеседі.
  • Құрмада В1 және В2 дәрумендері болады. Бұлар да миды және жүйке жүйесін тынықтырады.
  • Қабығы мен сүйегінде көп мөлшерде дәрумен болғаны үшін, сүйектерін де сорып жүруге кеңес беріледі.
  • Құрма қақырыққа және жөтелге жақсы септігін тигізеді.
  • Қан тамырларын жұмсартады және тамыр қатаюының алдын алады. Одан бөлек қанды тазалайды және қан қысымын да реттейді.
  • Арабтар кофе және басқа да ішетін сусындарымен бірге міндетті түрде құрма жегені үшін, оларда холестерин аз болады.
  • Қуық және бүйрек қабынуында шипа болады. Суы бүйрек тастарының ыдырауына өте пайдалы.
  • Қарағай жаңғағымен (кедровый орех) бірге желінетін болса, бауырды тазалайды және қуаттандырады.
  • Құрмада А дәрумені мол болғандықтан көздерді қуаттандырады. Ақшам соқырлығынан (куриная слепота) және басқа да көз дерттерінен қорғайды.
  • Адамның іші өткен кезде және құсқан кезде дене өте көп мөлшерде су, тұз, калий, натрий және глюкоза жоғалтады. Ал құрмада осы элементтердің барлығы молымен бар.
  • Құрманы әрдайым тұрақты жеп жүру геморройдың да алдын алады.

Related Post

🎓 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындық басталды!🎓 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындық басталды!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде жаңа оқу жылын сапалы әрі жүйелі ұйымдастыру мақсатында ұжымдық жиын өтті. Бұл алқалы басқосу – жаңа кезеңге тың серпін, нақты жоспар және

⚜️ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ЕРЖАН СМАТҰЛЫ ТӨЛЕПОВ САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ⚜️ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ЕРЖАН СМАТҰЛЫ ТӨЛЕПОВ САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

🔰Кездесу барысында облысымыздың бас имамы “Білімнің артықшылығы” сондай-ақата-бабамыз ұстанған Ханафи мәзһабы, Матуриди ақидасын, салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызды қастерлеу жайлы уағыз айтып, насихат жүргізді. Шәкірттер өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, ұстаздан мардымды

АУДАН ӘКІМІ САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТЫНЫС ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫАУДАН ӘКІМІ САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТЫНЫС ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Аудан әкімі Арман Айдарұлы Сарыағаш медресе колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты. Оқу ғимараттарының білім беру стандарттарына сәйкес келуімен және соңғы үлгідегі әрбір аудиторияларға кіріп, студенттердің қаншалықты білім алып жатқанын өз көзімен көрді.