🎓 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындық басталды!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде жаңа оқу жылын сапалы әрі жүйелі ұйымдастыру мақсатында ұжымдық жиын өтті. Бұл алқалы басқосу – жаңа кезеңге тың серпін, нақты жоспар және кәсіби жауапкершілікпен қадам басудың көрінісі болды.

🔹 Жиында талқыланған басты бағыттар:
1️⃣ 2025–2026 оқу жылындағы оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру жолдары;
2️⃣ Әдістемелік кеңестің жаңа жұмыс жоспарын бекіту;
3️⃣ Пәндер мен мамандықтар бойынша әдістемелік жұмысты жетілдіру;
4️⃣ Тәлімгерлік жүйе мен жас мамандармен жұмысты нығайту.

Жиын барысында колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Темур Қалмұратов пен колледж әдіскері Балзия Идияева жаңа оқу жылындағы әдістемелік және тәлімгерлік жұмыстарды жетілдіруге бағытталған мазмұнды ұсыныстарын ортаға салды. Бұл ұсыныстар – білім мен тәрбие сапасын жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадамдар.

Білім – болашақтың негізі, тәрбие – руханияттың тірегі.
Сондықтан бұл дайындық – шәкірттеріміздің терең білім алып, парасатты тұлға болып қалыптасуына мызғымас негіз болмақ.

Ұжымдық ынтымақ пен кәсіби белсенділік – табысты оқу жылының кепілі.

Жаңа оқу жылында – жаңа белестер, жаңа жетістіктер бізді күтеді! Бірге өсіп, бірге өрлейік!

Related Post

Рәміздер күні құтты болсын!Рәміздер күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздірінің 30-жылдығына орайҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезетте орындау республикалық акциясын Сарыағаш медресе колледжінің әкімшілігі және студенттер тікелей эфирде орындады… https://www.instagram.com/p/CeYNH-1qgrO/

Республикалық медресеаралық Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша Құран Кәрім жарысы өз мәресені жетті.Республикалық медресеаралық Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша Құран Кәрім жарысы өз мәресені жетті.

11-наурыз күні ҚМДБ тікелей қолдауымен Сарыағаш медресе колледжінде Республикалық Медресеаралық Құран кәрім жарысы болып өтті. Ауқымды шараға ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков арнайы қатысып ҚМДБ