Шәкірттерді қызметке шақырды

Сарыағаш медресе-колледжінде сегіз жүзге жуық студент бар. Олардың жартысы тоғызыншы сыныптан кейін оқуға түскен. Жер-жерден келген шәкірттер  «Исламтану» мамандығын меңгеріп шығады.

Сарыағаш медресе-колледжінің түлектерін тартып, облыста туындап жатқан кадрлық тапшылықты шешу жоспарланған. Яки, әркім өзі туып-өскен ауданда дінге қызмет ете алады деп хабар береді yassi.kz  порталына сілтеме жасайды medrese.kz баспасөзі.

Шардара ауданының бас имамы Асылхан Данияров студенттермен жүздесіп, қызметке шақырды. «Туған жерге туыңды тік» деген балалар өсиетін жеткізді.

Ауыл имам-молдаларының әлеуметтік жағдайын шешуге жергілікті әкімдіктердің атсалысуын облыс әкімінің орынбасары өзі қадағалайтынын айтқан болатын. Шалғай елді-мекендерде діни тұрақтылықты сақтау үшін діни кадрларға сұраныс туындап тұр.

 

Related Post

Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін қасиетті түн.Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін қасиетті түн.

Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін қасиетті түн. Рамазан айының соңғы он түні мұсылман үшін өте маңызды. Себебі Қадір түнінде қасиетті Құран Кәрім түсе бастады. Сондықтан Ислам дінінде бұл

Тамақтану дұғасыТамақтану дұғасы

Тамақ жеуден алдын бет-қол жуылып,»Бисмилләһир рахманир рахим»-ді айтып бастаймыз.Ал егер ұмытып кеткен жағдайда,мына дұғаны оқысын:»Бисмилләһи фи аууалихи уә ахирихи»деп айту керек.Тамақтан кейін оқылатын дұға. «Әл-хамдулилләһил-ләзий атъаманә уә сақанә уә жаъаланә

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде бітіруші курс шәкірттерімен маңызды мазмұнға ие тағылымды жиын өтті.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде бітіруші курс шәкірттерімен маңызды мазмұнға ие тағылымды жиын өтті.

Аталған басқосу – жас түлектердің алдағы жауапты кезеңге қадам басар алдындағы рухани әрі академиялық дайындықтарын пысықтауға бағытталған мазмұнды кездесу болды.Жиын барысында колледж директоры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы сөз сөйлеп, бітіруші түлектерді