Туған жер

Сарыағаш медресе колледжінде белгілі тарихшы, шежіреші, публицист, Әлем Халықтары Жазушылары одағының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Әлем Халықтары Жазушылары одағының ОҚО бас өкілі Момбек Әбдәкімұлымен студенттермен кездесу болып өтті.

Жазушы ағамыз іс-шара басталмас бұрын колледжіміздің оқу базасымен және кітапханасымен танысып шықты. Сондай-ақ қадірлі қонағымыз Момбек Әбдәкімұлына сөз берілді. Тарихшы ағамыз Сарыағаш қаласының тарихы жайлы және өткен тарихымызды, Тәуелсіздік жолындағы қиын-қыстау уақыттар жайлы сыр шертті. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, жазушы ағамыз барлық сұрақтарға студенттердің көңілін толтыра жауап берді. Жиын соңында колледж кітапханасының қорына өзінің еңбектерінен: «Зобалаң», «Қазығұрт ауданының тарихы», «Түркістан өлкесіндегі ойран» атты туындыларынан 2-3 данадан табыстады.
Колледжіміздің атынан ағамызға Аллаһтың кәләмі «Құрани Кәрім» және Пайғамбарымыздың өмір тарихы » Адамзаттың асыл тәжі» кітаптары табысталып, алғыс хат берілді.

Related Post

КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІКІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ

2022 жылдың 5-наурыз күні Сарыағаш медресе колледжінде кітап жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкенің мақсаты: ислами кітаптарды оқуды насихаттау, қоғамда оқуға деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.Сонымен қатар аз

МЕДРЕСЕ ҰСТАЗДАРЫ ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫМЕДРЕСЕ ҰСТАЗДАРЫ ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫ

8-қазан “Рухани келісім” , 25-қазан “Республика күніне” орай Сарыағаш аудандық ішкі-саясат бөлімі және Сарыағаш аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен ұстаздар арасында спорттық іс-шара болып өтті. Жарысқа аудан бойынша мешіт және медресе

ҒұсылҒұсыл

Ғұсыл парыздары және оның себептері С: Үлкен дәрет, яғни ғұсылды қашан алу керек немесе қай амалдан соң уәжіп саналады? Ж: Ғұсыл алу төмендегі амалдарға орай уәжіп болады;