Дәреттің сүннеттері

 

С: Дәрет сүннеттері қанша ?

Ж: Дәреттің сүннеттері он бес :

  1. Ниет ету, яғни дәретсіздіктен арылу немесе дәретпен ғана рұқсат етілген амалдарды атқаруға ниет еті;
  2. Дәрет алуды қолын үш рет білезігіне дейін жуудан бастау. Ұйқысынан тұрған адамға да дәрет суы құйылған ыдысты ұстаудан бұрын екі қолын жуу сүннет саналады;
  3. Алла зікірімен бастау;
  4. Мисуәк (тіс тазалағыш) қолдану;
  5. Үш рет ауыз шаю;
  6. Мұрнына үш рет су тартып шаю;
  7. Бір рет суланған қолмен басын түгел сипап мәсіх тарту;
  8. Екі құлағына мәсіх тарту (басын сипау үшін сулаған қолымен);
  9. Оң қол саусақтарының арасын сол қолдың саусақтарымен және сол қолдың саусақтарын оң қолдың саусақтарымен тарау;
  10. Саусақтармен сақалды тарау;
  11. Ағзаларды үш реттен жуу;
  1. Құран кәрім аяты нұсқаған тәртәппен дәрет алу. Сондықтан, бірінші бетті, кейін шынтақпен қоса екі қолдыжуу, басқа мәсіх тарту, соңынан екі тобықты қоса аяқтарын жуу керек;
  2. Жууды оң жақтан бастау ;
  3. Жуылатын ағзаларды тұтас жуу, яғни басқа амалдарды араластырмай, ретімен жуып соңына жеткізу;
  4. Мойынға мәсіх тарту.

Related Post

Жанұялық өмірЖанұялық өмір

Үйленуге шешім қабылдаған еркектің некенің маңыздылығын, қалай жасалатынын, алатын қызды таңдағанда неге мән беру керектігін және әйеліне, балаларына, туысқандарына қатысты міндеттерін алдын-ала үйренуі керек. Пәк болған, діндар бір қыз іздеуі

Сарыағаш медресе колледжі барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтайды!Сарыағаш медресе колледжі барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтайды!

Алғыс айту күні – халқымыздың бірлігі мен татулығын, өзара сыйластық пен бауырмалдықты айшықтайтын ерекше мереке. Бұл күн – бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп, жүректегі жылы сөзімізді арнайтын, өткенге шүкір етіп, бүгінге тәубе