Дәрет кітабы

Сұрақ: Фиқһ кітаптарының бірінші бөлімінің дәрет үкімдерімен басталуының сыры неде?

Жауап: Себебі дәрет намаз оқу үшін орындалатын басты шарт (Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) хадисінде: «Дәрет- намаздың, намаз – жаннатың кілті»- делінген). Намаз – ислам дініндегі бес парыздың бірі. Сондықтан да дәрет үкімдері намаз үкімдерінің алдында баяндалуы басты заңдылық.

С: Дәрет сөзінің сөздік және шариғи мағынасы қандай?

Ж: Дәреттің сөздік мағынасы тазалану, пәктену. Ал шариғи мағынасы үлкен және кіші дәретсіздіктен арылу және денені киімді, жайнамазды кір – лас заттардан тазарту деген сөз.

С: Үлкен дәрет дегеніміз не?

Ж: Дене мүшелерін толық жууды үлкен дәрет немесе ғұсыл алу дейміз.

С: Кіші дәрет дегеніміз не?

Ж: Намаз оқу үшін дене мүшелерінің кейбірін жууды, кейбіріне масих жасауды (сипауды) кіші дәрет немесе таһарат алу дейді.

С: Кіші дәретте қай ағзаларды жуу және қай ағзаға мәсіх жасау парыз саналады?

Ж: Кіші дәретте төмендегі ағзаларды жуып және масих ету парыз:

  1. Бетті шаш шыққан жерден иектің астына дейін, оң құлақтан сол құлаққа дейін жуу;
  2. Екі қолды шынтағымен қоса жуу;
  3. Екі аяқты тобығымен қоса жуу;

Кіші дәрет осы ағзаларды толық жуумен орындалған болып есептеледі. Егер осы ағзаларда бір түктің орнындай немесе иненің көзіндей жерге су тимей қалса, ол жер жуылмайынша дәрет алынған болып есептелмейді

  1. Басқа масих тарту;

Бастың барлық жерін масих тартып, сипау сүннет, ал төрттен бірін мәсих тарту парыз саналады.

С: Кіші дәретте аяқ тобығымен және қол шынтағымен қоса жуылама?

Ж: Иә, міндетті түрде жуылады.

С: Дәретте үш ағзаның жуылуы мен суланған қолмен басты мәсіх етудің парыздығы немен бекітілген?

Ж: Қасиетті Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Намазға тұрарда беттеріңді, қолдарыңды шынтағымен қоса жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартыңдар (қолды сулап сипаңдар). Және аяқтарыңды да тобығымен қосып жуыңдар» («Мәйда» сүресі, 6- аят),- деп жазылған

С: Бастың төрттен біріне мәсіх тартудың парыздығына не дәлел?

Ж: Оған Әл- Муғира бин Шуғбадан (р.а) риуаят етілген хадис дәлел. Онда: «Пайғамбарымыз (с.ғс) таһарат алып жатып, басының алдыңғы бөлігіне мәсіх тартты»,- делінеді. Ал бастың алдыңғы бөлігі төрттен біріне тура келеді.

Related Post

⚜️Сарыағаш медресе колледжі “Кәсіптік пәндер апталығында” Педагогика-психология пәнінің оқытушысы Мейірбекова Раушан Әбиқызының “Қабілеттер анықтамасы” тақырыбында семинар тренинг сабағы өтілді. Тренинг сабақта бітіруші түлектерге мамандыққа қызығушылық картасы бойынша түрлі мамандықтарға қабілеттері бар екені анықталды.🔰”Жақсы кәсіп-толық ырыс” тәрбиелік тағылымдық сабақ болды. Сабақ барысында түлектер өз мамандығының маңыздылығы мен қарым-қабілеттері бойынша пікірлерімен бөлісті. Тәрбиелік тағылымдық маңызы бар тренингте өскелең ұрпақтың жарқын болашағына ой саларлық сәттер болды.Студенттерге жарқын болашақ сапалы білімге деген ұмтылыстарында табысты болуға тілектестік білдіреміз!⚜️Сарыағаш медресе колледжі “Кәсіптік пәндер апталығында” Педагогика-психология пәнінің оқытушысы Мейірбекова Раушан Әбиқызының “Қабілеттер анықтамасы” тақырыбында семинар тренинг сабағы өтілді. Тренинг сабақта бітіруші түлектерге мамандыққа қызығушылық картасы бойынша түрлі мамандықтарға қабілеттері бар екені анықталды.🔰”Жақсы кәсіп-толық ырыс” тәрбиелік тағылымдық сабақ болды. Сабақ барысында түлектер өз мамандығының маңыздылығы мен қарым-қабілеттері бойынша пікірлерімен бөлісті. Тәрбиелік тағылымдық маңызы бар тренингте өскелең ұрпақтың жарқын болашағына ой саларлық сәттер болды.Студенттерге жарқын болашақ сапалы білімге деген ұмтылыстарында табысты болуға тілектестік білдіреміз!

САЛТ ДӘСТҮРДІҢ ИСЛАМДАҒЫ ОРНЫСАЛТ ДӘСТҮРДІҢ ИСЛАМДАҒЫ ОРНЫ

08.02.2022ж атаулы оқу орнының директоры ұстаз Д. А. Смановтың «САЛТ ДӘСТҮРДІҢ ИСЛАМДАҒЫ ОРНЫ» тақырыбында әсерлі уағызы болып өтті. Уағызда оқу орнының шәкірттері ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрі арасында әдемі сабақтастық