Құран жарысы

Рамазан – Құран түскен қасиетті, берекелі ай. Осы айдың құрметіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде 1 және 4 курс шәкірттері арасында Құран Кәрімнен жарыс бастау алды.

Жарыс I, II және V пара аралығында ұйымдастырылып, шәкірттер қасиетті аяттарды көркем дауыспен оқып, жатқа айтуда өзара бақ сынауда. Мұндай игі шара шәкірттердің Құранға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттырып, жүректеріне Құран нұрын ұялатуға үлкен себеп болмақ.

Алдағы уақытта жарыс өз жалғасын тауып, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болған шәкірттер қасиетті Қадір түнінде марапатталатын болады.

Пайғамбарымыз хадисінде: «Құранды оқыңдар. Өйткені ол Қиямет күні өз иелеріне шапағатшы болып келеді», – деген.

Алла Тағала оқылған Құрандарды қабыл етіп, баршамызды Құранмен өмір сүретін құлдарынан етсін.

Related Post

Шынайы ой — шынайы пікірШынайы ой — шынайы пікір

Әр ата-ана баласының болашағына алаңдайды.Олар үшін ең бастысы – перзентінің дұрыс ортада, сенімді қолда білім алып, тәрбиеленуі.Сарыағаш медресе колледжінде ата-аналардың айтқан шынайы пікірлері біз үшін ерекше маңызды.Бұл пікірлер – біздің

Діни сауат ашу курсыДіни сауат ашу курсы

Бисмилләһир рахманир рахим. Әссәләму алейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһу! Сарыағаш медресе колледжінің жанында ашылған «діни сауат ашу» курсына шақырамыз.(Ер адамдар үшін) Келушілер назарына!!! Құжаттар тізімі: 1.Төлқұжаттың түп нұсқасы және көшірмесі

16 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүр күні.16 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүр күні.

Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан бай мәдениеті мен атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл дәстүрлерін ұлықтайтын ерекше күн.Құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршамыздың міндетіміз. Өйткені