Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе-колледжі директоры оқу орнын тәмамдағалы отырған бітіруші түлектермен тағылымды кездесу өткізді. Кездесу барысында директор сөз алып, ең әуелі білімнің қасиеті мен жауапкершілігін тереңінен тарқатты. Ол сапалы білім – адамды биікке жетелейтін шамшырақ екенін, ал алған ілімді ел игілігіне жұмсау – әрбір саналы азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті. Медресе қабырғасында үйренген діни һәм зайырлы білім түлектердің бойында имандылық пен парасаттылықты ұштастырып, қоғамға пайдасын тигізетін кемел тұлға қалыптастыруы тиіс екенін ерекше айтты.
Сонымен қатар, дәстүрлі ислам құндылықтарын берік ұстану, ата-баба аманатына адал болу, ұлттық болмысты сақтау – жас буынның басты мұраты екені сөз болды. Дін мен дәстүрдің сабақтастығы – халқымыздың рухани тірегі, елдігіміздің еңсесін көтеретін асыл негіз екені әсерлі тілмен жеткізілді.
Директор өз сөзінде ата-ананың ақ үмітін ақтау, олардың маңдай тері мен сенімін қадірлеу – перзенттік парыз екенін тебірене айтты. «Ата-ананың разылығы – Алланың разылығы» екенін еске салып, әр түлекке адал еңбек етіп, қоғамға пайдалы болуға шақырды.
Сондай-ақ, Отан алдындағы міндетті бәрінен биік қою, ел тыныштығы мен бірлігіне қызмет ету – нағыз азаматтықтың белгісі екені ерекше аталып өтті. Елге қызмет ету – құр сөз емес, біліммен, ізгі амалмен, көркем мінезбен көрінетін шынайы іс екенін баса айтты.
Кездесу соңында түлектерге ақжарма тілектер айтылып, алдағы өмір жолында табандылық, парасат және имандылық серік болсын деген ізгі ниет білдірілді.

Related Post

Қазақ күресінен түйе палуандар арасындағы халықаралық турнирге шақырамызҚазақ күресінен түйе палуандар арасындағы халықаралық турнирге шақырамыз

Сарыағаш медресе колледжі Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығының ашылу салтанатына ұйымдастырылып жатқан қазақ күресінен «Түйе палуандар» арасындағы халықаралық турнирге шақырамыз.

Бір көзді анаБір көзді ана

Анамның бір-ақ көзі болатын. Оны жек көретінмін, себебі оның бұл жағдайы мені қатты ұялтатын. Үйдегілерді бағып-қағу үшін мектепте аспазшы боп жұмыс істейтін. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мені көруге келген еді,