Сарыағаш медресе колледжінде әлеуметтік қолдау шаралары

Сарыағаш медресе колледжінің әлеуметтік педагогы Асанова Балжан қыркүйек айына бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, ерекше әлеуметтік санаттағы студенттерге жан-жақты қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізді.

Ай бойы әлеуметтік педагог колледж ұжымымен бірлесе отырып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүгедектігі бар, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан шәкірттердің жағдайын анықтау мақсатында арнайы сауалнама жұмыстарын ұйымдастырды. Сауалнама нәтижесінде әрбір студенттің тұрмыстық және әлеуметтік жағдайы жіті зерттеліп, олардың нақты қажеттіліктері ескерілді.

Жиналған мәліметтер колледж әкімшілігіне ұсынылып, әрбір шәкіртке дер кезінде қолдау көрсету бойынша нақты ұсыныстар мен шаралар жоспары жасалды. Бұл бастама студенттердің өздерін қауіпсіз, қамқор ортада сезінуіне, оқу процесіне сеніммен араласуына жол ашты.

Сонымен қатар, игі істің аясында «Жаннатул Фердауси» қайырымдылық қорының демеушілігімен келген жаңа киімдер әлеуметтік санаттағы студенттерге үлестіріліп, олардың күнделікті тұрмысын жеңілдетуге мүмкіндік берілді. Бұл – жас буынға мейірім мен ізгілік дәнін себуге бағытталған үлкен қайырымдылық қадамы болды.

Сарыағаш медресе колледжінің әкімшілігі мен әлеуметтік педагогы жүргізіп отырған мұндай жүйелі жұмыстар – білім алушылардың тек сапалы білім алуына ғана емес, олардың әлеуметтік қорғалуына, адами құндылықтарды сезінуіне, қоғамға сеніммен қадам басуына үлкен септігін тигізеді.
Бұл игі істер жастарға қамқорлық пен жан жылуын сыйлап, олардың болашағына сенім ұялатады.

Related Post

Ислам ұстындары және ахлақ негіздеріИслам ұстындары және ахлақ негіздері

         Расында Исламның Елшісі өзінің жіберуілуінің алғашқы мақсатын, шақыруындағы жоспарын өзінің: «Бәлкім ұлы мінез – құлықтарды толық қылу үшін жіберілдім» (Малик риуаят еткен) деген сөзімен шекаралап берді. Әлем

РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІРЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының бастамасымен халықтың репродуктивтік денсаулығына арналған республикалық апталық басталды. Іс-шара 24-30 маусым күндері аралығында өтеді. Апталық аясында Түркістан облысы Сарыағаш