🤲 Жұма мүбәрак болсын, құрметті жамағат!Алла Тағала адамзатқа берген ең үлкен нығметтерінің бірі – отбасы. Отбасы – мейірімнің мекені, тыныштықтың ордасы, сүйіспеншілік пен түсіністіктің алтын ұясы.Құран Кәрімде:»Әрі Ол сендерге өздеріңнен жұбайлар жаратты. Солардың қасында жан тыныштығын табуларың үшін. Сондай-ақ араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім салды. Шын мәнінде ойланатын ел үшін ғибраттар бар» (Рум сүресі, 21-аят).Осы қасиетті жұма күні әр шаңыраққа береке, әр жүрекке тыныштық нәсіп болғай! Отбасыңыз аман, ырысыңыз берекелі, бірлігіңіз бекем болсын!

Related Post

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫСАЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

Колледж студенттеріне «Салауатты өмір салтын» насихаттау мақсатында, Саманов Шәкір Ешан атындағы спорт кешенінде I-курс студенттері арасында үстел теннисінен спорттық сайыс болып өтті. Қазіргі таңда үстел теннисі студенттер мен жасөспірімдер арасында

КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІКІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ

2022 жылдың 5-наурыз күні Сарыағаш медресе колледжінде кітап жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкенің мақсаты: ислами кітаптарды оқуды насихаттау, қоғамда оқуға деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.Сонымен қатар аз

18 наурыз – Ұлттық киім күні құтты болсын!18 наурыз – Ұлттық киім күні құтты болсын!

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов баршаңызды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтайды. Бұл күн Наурыз мейрамы аясында аталып өтіп, қазақ халқының дәстүрлі киімдерін дәріптеуге арналған. Ұлттық киім – халқымыздың