Тіл мерекесі

Қазақстан халқы үшін айрықша мерекелердің бірі – Тіл мерекесі. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінің шәкірттері баршаңызға жүрекжарды құттықтауларын жолдады.

Біздің шәкірттеріміз қазақ тілін ғана емес, әлемнің бірнеше тілін меңгеруге талпынады. Олар өз құттықтауларын әртүрлі тілде жеткізіп, тілге деген құрметтің шексіздігін көрсетті.

Тіл – бірлігіміздің тірегі, татулығымыздың кепілі. Әр халықтың өз ана тілі бар, ал оны құрметтеу – сол ұлтқа, мәдениетке деген құрметтің белгісі. Біз үшін қазақ тілі – ең асыл қазына, ұлттық рухымыздың айнасы.
Бұл мереке арқылы шәкірттеріміз достықты, ынтымақты, көптілділіктің қадірін дәріптеп, тілге деген сүйіспеншілікті паш етті.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген қанатты сөзді ту еткен шәкірттеріміздің жүрекжарды лебіздері Сіздерге де қуаныш сыйлайды деген сенімдеміз. Баршаңызды Тіл мерекесімен құттықтаймыз!
Ұлтымыздың асыл қазынасы – ана тіліміз қашан да төрімізден орын алсын! #медресе#тілмерекесі#шәкірттер

https://www.instagram.com/p/DONTUmBjKmp

Related Post

Орта азияда теңдесі жоқ мешіт бой көтермекОрта азияда теңдесі жоқ мешіт бой көтермек

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы және наиб мүфти Ораз Серікбай Сатыбалдыұлы, облысымыздың өкіл

БОЛАТБЕК ҰСТАЗ

БОЛАТБЕК ҰСТАЗ ШӘКІРТТЕРГЕ УАҒЫЗ АЙТТЫБОЛАТБЕК ҰСТАЗ ШӘКІРТТЕРГЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ

Сәрсенбінің берекелі күнінде, Жаратқан сәтін салып Болатбек ұстазымыздың уағызын тыңдауға шәкірттер жиналған болатын. Екінті мен шам намазының арасында айтылған насихат ілім ізденушілердің оқуға деген көзқарастарына жаңаша дем беріп, осы жолда