18 наурыз – Ұлттық киім күні құтты болсын!


Сарыағаш медресе колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов баршаңызды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтайды.

Бұл күн Наурыз мейрамы аясында аталып өтіп, қазақ халқының дәстүрлі киімдерін дәріптеуге арналған. Ұлттық киім – халқымыздың тарихының айқын көрінісі. Әрбір ою-өрнекте ұлттың болмысы, мәдениеті мен тағылымы терең бейнеленген.

Ұлттық киім – сән үлгісі ғана емес, ол халықтың тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын және ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін танытатын асыл мұра. Сондықтан бұл күннің мәні ерекше.

Төл дәстүрімізді ұлықтап, ұлттық құндылықтарымызды бірге дәріптейік!

Related Post