⚜️Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.

🔰32 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

🔰Дәл осы ұлттық мерекені шәкірттерімізге сезіндіру үшін бүгін тағы бір іс-шараның куәгері болдық. 13-11-21 тобымен Сарыағаш медресе колледжінің кітапхана меңгерушісі Сейтханова Мадина ұстаздың жетекшілігімен ұлттық құндылыққа толы тәрбие сағаты өз деңгейінде аталып өтті.

🔰Шәкірттер өздеріне қажетті білімді бойына сіңіріп, қажетті ақпараттарды алды.

Related Post

Салауатты өмір салтыСалауатты өмір салты

2019-жылдың 28-қыркүйегінде ҚР Үкіметінің 01.06.2006-жылғы 2- қаулысымен бекітілген «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасына сәйкес Сарыағаш медресе колледжінің білім алушылары арасында «Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты спорттық сайыс өтті. Жастардың бос уақытын

АшуланбаАшуланба

Бір күні пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір тайпаның көсемі келеді. Қайтарында: «Мырзам, маған бір насихат беріңіз!» деп сұрайды. Пайғамбарымыз алейһисалам оған: «Мұқият бол, Ашуланба!» дейді. Тайпаның көсемі бұл қысқа