Әр бір істе бір қайыр бар

Ертеде Африкадағы бір аймаққа билік жүргізген бір патша болыпты. Патша кішкене кезінен бірге өскен құрбы досын ешқашан қасынап тастамай алып жүретін. Сол досының ешкімге ұқсамайтын бір мінезі бар еді. Өзінің басына келген қандай да бір іс немесе қандай да бір адамның жамандыққа ұрылуы мен жақсылыққа қарай бет алғанына бір ғана сөз айтатын:« Мұнда да бір қайыр бар!» Бір күні патша мен досы аң аулауға шығады.
Патшаның досы мылтықты октап патшаға беріп тұрды, патша дайын шүріппені басып отыра берді. Досы мылтықты оқтап жатқанда, белгісіз-бір себептермен шүріптсрді басқанда мылтық атылып кетіп, патша бас бармағынан айырылып қалды. Мұны көрген досы әдеттегі сөзін айтты: «Мұнда да бір қайыр бар!» Сонда патша ашу шақырып, досын зынданға тастаткызды. Араға бір жыл салып, патша адам жейтін тайпалардыц қоныстанған аймағына аңшылыктың кызығымен кіріп кетеді. Олар ол жерлердің қауіпті екенін жақсы білетін. Жабайы тайпалар оларды ұстап алып, ауылдарына алып барды да қол-аяқтарын байлап, ауылдың ортасына отын жинады. Оларды отындардың ортасына мықтап тұрып байлады. Байлап жатканда араларынан біреуі патшаның бір саусағындағы кемістікті байқап қалды. Ол тайпалардың нанымдарында кеміс адамдарды жеу, басқа бәлекет әкеледі деген сенім бар еді. Сөйтіп патшаны босатып жібереді. Ал қалғандарын отқа қақтап жейді. Саусағының кемтарлығының арқасында өлімнен аман-есен үйінеоралған патша төбесі көкке жетердей қуанды. Айрылмас досын сол үшінзынданға тастағанына да қатты өкініп, қателігін түсінді. Дереу зынданға барып, досына болған жайттың барлығын айтып берді.

—    Сен сонда дұрыс айтқан екснсің! — деді де, сөзін былай сабақтады: саусағымның жұлынып кеткендігінің түбінде терең мән бар екен. Мен оны кеш түсіндім. Сені зынданда қамап ұстағаным үшін кешірім өтінем. Саған опасыздық жасаппын».

-Жоқ қаталесесің. Мұндада бір қайыр бар,-деп жауап бергенде патша таң қалып:

—       Сен осы жынданғаннан саумысың? Досын зынданға қамап тастағанның қай жерінде қайыр бар? — дегенде, досы былай деп жауап берген екен:

—    Егер мен зынданда отырмағанда. сенімен бірге аңға шыққан болар едім. Солай емес пе? Одан ары не боларын сен айта ғой!

Related Post

Халифа Омардың өз ұлы Абдуррахманды жазаға тартуыХалифа Омардың өз ұлы Абдуррахманды жазаға тартуы

Ибн Омар (р.а.) айтады: «Омардың халифалығы кезінде .Бауырым Абдуррахманмен бірге Әбу Сәруәа деген атпен танылған Уқба ибн Харис Мысырда бір күні ішімдік ішіп, мас болады. Ертеңіне Мысыр әмірі Амр ибн

🎓 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындық басталды!🎓 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындық басталды!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде жаңа оқу жылын сапалы әрі жүйелі ұйымдастыру мақсатында ұжымдық жиын өтті. Бұл алқалы басқосу – жаңа кезеңге тың серпін, нақты жоспар және

Сарыағаш медресе колледжінде әлеуметтік қолдау шараларыСарыағаш медресе колледжінде әлеуметтік қолдау шаралары

Сарыағаш медресе колледжінің әлеуметтік педагогы Асанова Балжан қыркүйек айына бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, ерекше әлеуметтік санаттағы студенттерге жан-жақты қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізді. Ай бойы әлеуметтік педагог колледж ұжымымен