МЕДРЕСЕ ҰСТАЗДАРЫ ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫ

8-қазан “Рухани келісім” , 25-қазан “Республика күніне” орай Сарыағаш аудандық ішкі-саясат бөлімі және Сарыағаш аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен ұстаздар арасында спорттық іс-шара болып өтті. Жарысқа аудан бойынша мешіт және медресе ұстаздарынан, Сарыағаш аудандық жастар-ресурстық орталығының қызметкерлерінен құралған 6 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті. Медресе-колледжіміздің қызметкерлерінің арасынан арнайы жасақталған “ Медресе” командасы 1-орынды қанжығалады. Ал, 2-орын Сарыағаш қаласындағы мешіт имамдарынан құралған “Сарыағаш қаласы” командасына бұйырды, жүлделі 3-орынды Құркелес ауылдық округының имамдарынан топталған “Құркелес” командасы қоржындарына байлады. Жеңімпаздар Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиевтен арнайы диплом алып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шәкірттеріне үлгі болар ұстаздарды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Related Post

Сені сағындық я Мұхаммед с.а.уСені сағындық я Мұхаммед с.а.у

Кеше, 2016 жылы 27 қаңтар күні Сарыағаш қаласының орталық мәдениет үйінде адамзаттың ардақтысы, асылы болған Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с) мәуліт күнінінің рухани кеші өтті.