Не үшін Мұсылман болды?

  • Атлант мұхитымен Ақ теңіздің бір-біріне араласпай тұрғанын көрдім. Бұл ғылыми түрде дәлелденген еді. Ал бұның 1400 жыл бұрын Құран кәрімде білдірілгенін естігенде мұсылмандық хақ дін екеніне көзім жетіп мұсылман болдым. Капитан Кусто — Франция
  • Құран Аллаһтың атымен басталады, Аллаһтың бір екенін білдіреді. Таңданысым артып тәуһид діні болған Мұсылмандықты таңдадым.Кат Стивенс – Англия
  • Ислам – бүкіл дәуірлерді қамтитын дін. Мұсылман болумен бүкіл дәуірлердің тәжі болған дінді таңдаған болдым.Рогер Гарауди – Франция
  • Құран Аллаһтың атымен басталады Аллаһтың бір екендігін білдіреді. Анархияның алдын тек Ислам тәрбиесімен ғана ала алатынымызға сендім. Мұсылман болдым, ішкілікті тастадым, оранып намазды бастадым.Тина Гфанзил – Германия
  • Ислам – дүниенің де ахыреттің де бақытын көрсеткені үшін мұсылман болдым.Б. Карай – Занзибар
  • Исламда ұлт, түс, тіл бөлушілігі болмағандықтан, бәрінің тең болуы, намаз оқығанда да дәрежеге, шенге қарамайтындығын көрдім. Мұсылман болдым.Томас Клайтон – Америка
  • Ислам барлық жақсылықтарды қамтиды. Ешбір дінде бауырластық Исламдағыдай емес.Др. Рольф Фрейхер – Австралия
  • Махаббат, дұрыстық, тазалық және жақсы мінезді бұйырғаны үшін мұсылман болдым.А. Уэмура – Жапония
  • Ислам діні ақылға да сай екенін көріп мұсылман болдым.Сесилла Канолли – Австралия
  • «Білім Қытайда болса да алыңдар!» деген хадисті оқыдым. Исламның білімге берген маңызын көріп мұсылман болдым.Мр. Боард – Америка
  • Ислам ысыраппен сараңдыққа (қызғаншақтық) тыйым салған, материялық жағынан да рухани жағынан да ең жақсы қағидалары болған бір дін.Роналд Рокуел — АҚШ

Related Post

Мәйітті көтеру мен жерлеуМәйітті көтеру мен жерлеу

С: Ер адамдар мәйітті қалай көтереді? Ж: Табытқа салынған мәйітті табыттың төрт шетінен көтереді. Мәйітті көтеріп бара жатқанда сілкілемей жылдам жүру қажет.

Тәуелсіздік қарлығаштарыТәуелсіздік қарлығаштары

Қасиетіңнен айналдым құтты мекен, Бұл күнде даңқың бәрін ұтты ма екен? Құдайдан сұрап алтын бабаларым, Осы күнді асыға күтті ма екен? Өзіңде білімділер ақын, дана, Туыпты хандар, билер, батыр ғана.