Дін өкілдері аудан әкімінен марапат алды!

21-қазан күні Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында “18 қазан – Рухани келісім” күні мерекесіне орай жиын өтті. Аталмыш мәжіліске
аудан аумағындағы діни конфессиялар жетекшілері және өкілдері бас қосып, дінаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері кеңінен талқылады. Дін өкілдерімен жүздескен ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев жиын барысында:

  • Сіздерді “18 қазан – Рухани келісім күні” мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бейбітшілік пен
    рухани келісімнің, жоғары моральдық және адамгершілік құндылықтардың жақтаушысы бола отырып,
    Сіздер дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып келесіздер. Рухани келісім күні
    бірліктің, мейірімділік пен өркендеудің символына айналсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!- деп жылы лебізін білдірді.
    Жиын соңында діни конфессиялар жетекшілері аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
    Еңбегі еленген асыл дініміздің адал қызметкерлері Сманов Дінмұхаммет, Кадиров Еркин, Жакипов Жүсіпхан, Махсутов Азамат ұстаздарымызды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Related Post

Қыздар арасында құран жарысы болып өтті!Қыздар арасында құран жарысы болып өтті!

Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.а.с), «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге

⚜️Сарыағаш медресе колледжімізде шағын футболдан “Колледж лигасы” бастау алды!⚜️Сарыағаш медресе колледжімізде шағын футболдан “Колледж лигасы” бастау алды!

🔰Ұстаздар, тәрбиешілер және студенттер арасында өткізілетін бұл жарыс наурыз айына дейін жалғасын табады. 🔰Жеңімпаз командаларды дипломдармен және арнайы қомақты сыйлықтармен марапатталады. 🔰Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!