Білім жолы – ұлылыққа жетелейді!

Шариғат тілінде білім сөзі – бір мәселені жан-жақты, анық-қанығына дейін жіті түсіну деген мағынаны білдіреді. Білім – ақылдылық пен парасаттылықтың белгісі. Ал, білімсіздік мұның қайшы мағынасы. Ақылды адам ой-қабілетімен бірнәрсені түсінуге тырысады. Ал, надан басындағы ақылын, бойындағы қабілетін дұрыс қолдана алмайды. Сондықтан, білімді адам – жарық шам секілді. Білімсіз надан – қараңғы түн сияқты.

Ислам – білім алуды парыз деп санайтын дін. Дініміздің осы тұсы исламның хақ екенін дәлелдей түссе керек. Өйткені, дүниеде білім мен ғылымды парыз санайтын исламнан басқа дін жоқ. Демек, білімді тек Ислам діні ғана қажет санап, барша мұсылмандарды ілім алуға үндейді. Пағамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріпінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз, – делінсе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихат айтылған.

Related Post

Жаннату Фирдаус қайырымдылық қорының жылдық есебі.Жаннату Фирдаус қайырымдылық қорының жылдық есебі.

Әссәләму алейкум, ағайын! Мына видео арқылы көптің көкейінде жүрген сансыз сұраққа жауап аласыздар. Біздің инстаграмм парақшамыздан көре аласыздар.

⚜️Сарыағаш медресе колледжінде өтіп жатқан дәстүрлі “Колледж лигасы” қызу үстінде.⚜️Сарыағаш медресе колледжінде өтіп жатқан дәстүрлі “Колледж лигасы” қызу үстінде.

🔰Оқ бойы озық тұрған үздік 5 командалар:1. FC Kaysar2. Alash3. Болашақ4. Астана5. FC Kairat 🔰Студенттер арасында өткізілетін бұл жарыс наурыз айына дейін жалғасады. 🔰Жеңімпаз командалар дипломдармен және арнайы комақты сыйлықтармен