Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған сапарында «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенттерімен кездесті.

«Білім – амалдың негізі. Амалсыз білімнің пайдасы болмайтыны секілді білімсіз амалдың да еш пайдасы жоқ. Білім мен амал – бірін-бірі толықтырушы, бір-бірінен ажыратуға болмайтын егіз ұғым. Алла Тағаланы тану, Оның ризалығына жету жолына түскен адам терең білім алуға тырысады. Жаратушы Иеміз Құранда: «Алла сендердің араларыңнан иман келтіргендер мен білім иелерін жоғары дәрежелерге көтереді» («Мүжәдәлә» сүресі, 11-аят) деп баяндайды. Біз бұл аяттан Алла Тағала білімді адамның дәрежесін екі дүниеде көтеріп қоятынын түсінеміз. Құдайға шүкір, қазір білім алуға мүмкіндік көп. Ендеше, алтын уақыттарыңызды терең білім алуға арнасаңыздар өмірде көптеген игілікке кенелесіздер» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дәріс соңында Бас мүфти шәкірттерге дұға жасап, білім жолындағы қадамдарына игі тілегін жеткізді.

Related Post

«Сарыағаш медресесі» үздік оқушыларына шәкірт ақы тағайындады«Сарыағаш медресесі» үздік оқушыларына шәкірт ақы тағайындады

Егемдік алғалы  елімізде діни оқу орындары көптеп ашылып келеді. Қазіргі күннің өзінде республикамызда  бір университет, тоғыз медресеміз бар екен. Соның бірегейі, діни мамандарын дайындаап келе жатқан – «Сарыағаш медресесі»  Тарихы

⚜️Сарыағаш медресе колледжімізде шағын футболдан “Колледж лигасы” бастау алды!⚜️Сарыағаш медресе колледжімізде шағын футболдан “Колледж лигасы” бастау алды!

🔰Ұстаздар, тәрбиешілер және студенттер арасында өткізілетін бұл жарыс наурыз айына дейін жалғасын табады. 🔰Жеңімпаз командаларды дипломдармен және арнайы қомақты сыйлықтармен марапатталады. 🔰Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

«Тәртіп және Біз», «Жемқорлықпен күрес қоғам борышы»«Тәртіп және Біз», «Жемқорлықпен күрес қоғам борышы»

Колледжіміздің заңгері Қ. Палмановпен директордың тәрбие ісі жөнiндегi орынбасары Қ. Исмаиловтың қатысуымен «Тәртіп және Біз», «Жемқорлыкпен күрес коғам борышы» атты тақырыпта медресе студенттерімен кездесу болып өтті. Бір жылын ойлаған күріш