ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ-ШӘКІРТКЕ МІНДЕТ

07.09.2022ж Сарыағаш медресе колледжінің директры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы колледж шәкірттеріне «Ұстазға құрмет – шәкіртке міндет» тақырыбы аясында уағыз-насихат айтты.
Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға – деп хакім Абай Құнанбайұлы айтқандай, шындығында ұстаздың алдынан тәлім алмаған адам жоқ. Ата-бабамыз «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы»-деп ұстаздық етудің мәртебесін жоғары бағалағаны секілді, колледж басшысы студенттерге «Ұстазды сыйлау — білім алушының міндетті амалдарының бірі екендігін, оның алдында кішіпейілділік таныту, жүргенде алдына түспеу, есік ашып бірінші кіргізу, жөнсіз сұрақтармен мазаламау, бірінші болып сәлем беру сияқты әдептіліктер жайлы, сондай-ақ мұның барлығы бұрынғы өткен ғалымдардың өз ұстаздарына көрсеткен құрметтерінен алынғандығын тілге тиек етті. Сөз соңында шәкірттерге жаңа оқу жылы пайдалы әрі тиімді болуын, білім жолында толағай табыстарға жетуін, көздеген мұрат — мақсаттарына қол жеткізуін тілеп дұға жасады.

Related Post

⚜️Күні кеше Сарыағаш медресе колледжіне қарасты Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығында шәкірттерге сәрсенбілік уағыз-насихат айтылды.⚜️Күні кеше Сарыағаш медресе колледжіне қарасты Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығында шәкірттерге сәрсенбілік уағыз-насихат айтылды.

🔰Уағызды “Истиғфар және тақуалық”тақырыбында жүргізген Төребеков Нұралы ұстаз шәкірттерге Құран аяттарынан хадис шәрифтерінен мысалдарымен бөлісті Шәкірттер тақырып аясында сұрақтарын қойып Ұстаздан жауап алды. 🔰Тақуалық жолында белді бекем буған ұрпағымыз көп

Сарыағаш медресе колледж директоры Дінмұхаммет Абдужаппарұлының қатысуымен оқу жылының басталуына орай жиналыс өттіСарыағаш медресе колледж директоры Дінмұхаммет Абдужаппарұлының қатысуымен оқу жылының басталуына орай жиналыс өтті

Күні кеше Сарыағаш медресе колледж директоры Дінмұхаммет Абдужаппарұлының қатысуымен оқу жылының басталуына орай жиналыс өтті. Мұғалімдер кеңесінде өткен оқу жылындағы кемшіліктер ескеріле отырып 2023-2024 оқу жылына қойылған мақсат-міндеттер таныстырылды. Қатысқан