Жылқы зекеті

С: Жылқыдан зекет беріле ме?

Ж: Еркек пен ұрғашысы аралас жайлауда бір жыл бойы жайылған шаруа жылқыларынан зекет беріледі. Бұл жылқылардан зекет беретін адам ерікті. Қаласа әр бір ат үшін бір динардан (он дирһам) зекет береді. Қаласа жылқы құнын шығарып, мысалы: әр екі жүз дирһамнан бес дирһамды  зекет ретінде береді. Әбу Ханифа  (р.а) бойынша, жылқының барлығы еркек болса олардан зекет берілмейді.

С: Жылқыдан зекет беруде имамдар арасында қайшылық бар ма?

Ж: Иә, Имам әбу Иусуф (р.а) пен имам Мұхаммед (р.а) Әбу Ханифамен келіспеген. Олардың айтуынша жылқыдан зекет жоқ.

С: Қашыр мен есектен беріле ме?

Ж: Олардан зекет берілмейді. Сауда үшін ұстаса, онда зекет саудадағы мал сияқты парыз.

Related Post

VIII Республикалық Құран жарысыVIII Республикалық Құран жарысы

Бүгін, үш күндік Құран байқауының екінші күні аяқталып, жарысқа қатысушы 69 қари Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын және мәнерлеп оқу сынды төрт номинация бойынша толықтай сынақ тапсырып

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ!ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ!

Егемендігімізді алып, еңсемізді көтерген-Тәуелсіздіктің 32 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлтымыздың Ұлттық мерекесі құтты болсын!

⚜️Биыл Сарыағаш медресе колледжін жалпы саны бойынша 149 студент “Исламтану”, Имам Хатиб” мамандығы бойынша білім дәрежесін иеленді. Оның ішінде үздік 36 шәкірт, ұлдар бөлімінен 17 студент, қыздар бөлімінен 19 студент қызыл диплом иегері атанды.⚜️Биыл Сарыағаш медресе колледжін жалпы саны бойынша 149 студент “Исламтану”, Имам Хатиб” мамандығы бойынша білім дәрежесін иеленді. Оның ішінде үздік 36 шәкірт, ұлдар бөлімінен 17 студент, қыздар бөлімінен 19 студент қызыл диплом иегері атанды.

🔰Медресе-колледж қабырғасынан түлеп ұшқан шәкірттер колледж директоры ұстаз Дінмұхаммет Абдужаппарұлының қолынан диплом алды.Алғашқы сөз тізгіні берілген Колледж директоры маңызды күнмен медресе ұжымын құттықтап, жаңа белеске көтерілген шәкірттерге батасын беріп, насихатын