Екі қыздың оразасы

Пайғамбарымыз с.а.у бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай қатаң ескерту жасады: — Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпасын! Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады.
Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп: — Уа, Расулуллоһ с.а.у ! Екі қызым да күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап ауыздарын ашса жақсы болар еді,- деп өтініш білдірді. Алайда Пайғамбарымыз с.а.у оған рұқсат бермеді. Әлгі кісі тағы екі рет келіп рұқсат сұрады. Үшінші рет келгенде Пайғамбарымыз с.а.у: — Өкінішке орай, олар бүгін ораза ұстаған жоқ. Күні бойы «кісі етін жеген» (әркімнің сыртынан өсек айтып, ғайбат сөйлеген) адам қайтіп ораза ұстасын?! Бар да оларға айт: егер ниет етіп ораза ұстағандары рас болса, дереу құсып асқазанындағының бәрін шығарсын, — деді. Әлгі кісі қыздарына Пайғамбарымыздың с.а.у айтқандарын айна қатесіз жеткізді. Олар пайғамбарымыздың бұйрығын дереу орындап, өздерін күштегенде кесек – кесек қан құсты. Әлгі кісі келіп бұл жайды Пайғамбарымыз с.а.у айтқанда, ол: — Құдіреті күшті Аллаһ тағалаға ант етейін, егер олар әлгі ұйыған қанды құсып тастамай, асқазанда сол күйі қалып кеткенде. Тозақ отына отын болар еді,- деді. Иә, тек тамаққа ғана емес, тілге де , көзге де, аяққа да, қолға да ораза болса, сонда ғана ол нағыз ораза болмақ.

Related Post

Балаларға құранды және сүннетті үйретуБалаларға құранды және сүннетті үйрету

Белгілі болғандай құран кәрім адам перзентіне Алланың сөзі ретінде екі дүние бақытын көрсетіп беруші кітап. Солай екен ата-ана өз перзенттері кемелдікте өсулері үшін ең алдымен осы ұлы кітәпті өз перзенттеріне

Жәннаттың үйлеріЖәннаттың үйлері

        «Әбу Һурайра (р.а) әңгімелейді. «Бір күні сахабалар Пайғамбардан (с.ғ.с) былай деп сұрады: «Бізге Жәннат туралы әңгімелеп беріңіз.Ондағы үйлер кандай?».Ол айтты: «бір кірпіші алтыннан, тағы бірі күмістен,

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы ұстазымыз дүниеден өтті.Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы ұстазымыз дүниеден өтті.

Алла Тағала Әбдуғаппар ұстазымызды рақымына бөлеп, жәннатын нәсіп еткей. Артында қалған ағайын-жұрты мен отбасына Алладан көркем сабыр тілейміз. «Тас түскен жеріне ауыр» десе де бұл қайғылы хабар баршамызға ауыр тиді.