Истинжа (Екі нәжіс жолын жуу, нәжістен тазалау) үкімі

С: Истинжа  үкімі не?

Ж: Истинжа – сүннет. Истинжа кесек немесе оның орнын баса алатын нәрсемен орындалады. Оны нәжіс шыққан жер тазарғанша қолданады. Истинжа затын тақ етіп қолданған жақсы, алайда санақ уәжіп емес (сүннет те емес). Дегенмен тазаланады. Сондықтан сумен жуу абзал.

С: Не нәрселермен истинжа жасауға болмайды?

Ж. Оң қолмен, сүйекпен, тезекпен, тағаммен, қадірлі нәрселермен истинжа жасалмайды.

С: Әжетханада қалай отырады?

Ж: Ашық жерде немесе арнайы жерде отырғанда  құбылаға артын немесе алдын қаратып отыру макруһ саналады.

С: Қай жерлерге дәрет сындыруға болмайды?

Ж: Суға, су шығатын, су алатын жерге, жемісті ағаш түбіне, адамдар көлеңкелеп отыратын жерге, жолға дәрет сындыруға болмайды. Желге қарсы, тас, тас сияқты қатты нәрсе үстіне және тұрып кіші дәретті сындыру дұрыс емес

Related Post

25 жылдыққа 25 гол25 жылдыққа 25 гол

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, Жарты төбе ауылдық округы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен ұжым мекеме-аралық кіші футболдан кезекті

15 наурыз – Референдум күні15 наурыз – Референдум күні

Бүгін еліміз үшін маңызды әрі тарихи күн – референдум өтіп жатыр. Сарыағаш медресе колледжінде бұл күн ерекше атап өтілді: колледж директоры Дінмұхаммед Сманов бастаған ұстаздар мен оқытушылар, сондай-ақ шәкірттер –