Халифа Омардың өз ұлы Абдуррахманды жазаға тартуы

Ибн Омар (р.а.) айтады: «Омардың халифалығы кезінде .Бауырым Абдуррахманмен бірге Әбу Сәруәа деген атпен танылған Уқба ибн Харис Мысырда бір күні ішімдік ішіп, мас болады. Ертеңіне Мысыр әмірі Амр ибн Астың алдына барып: «Діннің үкімі бойынша бізді жазалап, күнәмізді жуып-шаюға әмір бер, өйткені біз ішімдік ішіп, мас болдық», — дейді. Бауырым Абдуррахман мас болғанша ішімдік ішкенін маған да айтқан болатын. Мен оған шариғаттың жазасын қолданып, күнәсінен арылтуды ойладым. Алайда, олардың Амр ибн Асқа барғанын білмеген едім.Кейін олар Амр ибн Асқа жолыққандарын айтты. Оған: «Шашыңды ел- жұрттың көзінше алдырма, үйге кір», — дедім. Өйткені, шариғат жазасы қолданылар алдында күнәһардың шашы да тықырлап алынатын. Мен өз қолыммен бауырымның шашын алдым. Сосын Амр ибн Ас оларға шариғат жазасын қолданды.

Біраз уақыт өткеннен кейін Омар болған жайды естіп-біліп, Амр ибн Асқа «Абдуррахманды жүк артылған түйеге мінгізіп, маған аттандыр» деп хабар жібереді. Ақыры не керек, Халифа да Абдуррахманды шариғат негізінде жазалайды.Содан соң оны Мысырға жібереді. Бауырым осыдан соң, бір айдай тың жүрген еді. Алайда, кенеттен ана дүниеге аттанады. Халық оны Омар қолданған жазадан қайтыс болды деп ойлады, алайда бұл шындыққа жанаспайды.Ол өз ажалымен жан тапсырды. Ең бастысы, мен оның күнәсін ана дүниеге арқалап кетпегеніне іштей қуандым»

Related Post

Астана медресе-колледжінде семинар болып өтті!Астана медресе-колледжінде семинар болып өтті!

15-16 наурыз күндер аралығында Елордадағы Астана медресе-колледжінде «Модульдік-құзіреттік тәсіл негізінде, кәсіби мамандарды даярлау» тақырыбында «Дінтану және теология» бейіні бойынша республикалық семинар-кеңеске колледжіміздің білікті мамандыры Жакипов Жүсіпхан, Қалмұратов Темур қатысты. ҚМДБ

⚜️Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің мүшесі, Шымкент қаласы «Сейітжан қари» мешітінің бас имамы Әміре Ерсін Бекайдарұлы Сарыағаш медресе колледжі студенттеімен кездесу өткізді.🔰Студенттермен кездесу барысында Ерсін Бекайдарұлы білім алудың маңыздылғы, білім адамзат баласының шамшырағы екенін, бұл өмір қас-қағым сәтте өтетіні, жастықшақты босқа өткізбеу сияқты тақырыптар аясында сөз қозғады. Қазіргі таңда жастардың уақытын ұрлап жатқан әртүрлі пайдасыз нәрселерден аулақ болуды насихаттады.⚜️Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің мүшесі, Шымкент қаласы «Сейітжан қари» мешітінің бас имамы Әміре Ерсін Бекайдарұлы Сарыағаш медресе колледжі студенттеімен кездесу өткізді.🔰Студенттермен кездесу барысында Ерсін Бекайдарұлы білім алудың маңыздылғы, білім адамзат баласының шамшырағы екенін, бұл өмір қас-қағым сәтте өтетіні, жастықшақты босқа өткізбеу сияқты тақырыптар аясында сөз қозғады. Қазіргі таңда жастардың уақытын ұрлап жатқан әртүрлі пайдасыз нәрселерден аулақ болуды насихаттады.

🎓 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындық басталды!🎓 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындық басталды!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде жаңа оқу жылын сапалы әрі жүйелі ұйымдастыру мақсатында ұжымдық жиын өтті. Бұл алқалы басқосу – жаңа кезеңге тың серпін, нақты жоспар және