ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БӘЙГЕСІНЕН БІРІНШІ ОРЫН

Ел астанасы Нұр-Сұлтанда «ALASH STAR» халықаралық өнер байқауы өтті. Өнер бәйгесінде «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенті Нұрбол Қасымов та өз бағын сынады. Қазылар алқасы мен көрермендерді таң қалдырған шәкіртіміз «көркем сөз» номинациясы бойынша бірінші орынды қанжығасына байлады. Ал ұстазы Айбек Нашуран Құрмет грамотасымен марапатталды. Жетекшілік еткен ұстазына, барша демеушілерге алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз

Related Post

Білгенге мешіт деген Құдай үйіБілгенге мешіт деген Құдай үйі

«Білгенге мешіт деген Құдай үйі» деп бабаларымыз базына қалдырғанындай 2019 жылы қарашаның 29 жұлдызында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының, Ынтымақ ауылында «Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығы» ашылды. Көркі көз тартқан, ашылмай

15 наурыз – Референдум күні15 наурыз – Референдум күні

Бүгін еліміз үшін маңызды әрі тарихи күн – референдум өтіп жатыр. Сарыағаш медресе колледжінде бұл күн ерекше атап өтілді: колледж директоры Дінмұхаммед Сманов бастаған ұстаздар мен оқытушылар, сондай-ақ шәкірттер –