«СТУДЕНТТІК ЛИГА» ЖАРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Сарыағашта ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай спорттық жарыс түрлерінен сайыстар өтті. Жарысқа жалпы Сарыағаш ауданынан 6 команда қатысып бақтарын сынады. Мақсат — жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау, аудан жастары арасында достық байланысты нығайту, дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт шеберлігін шыңдау. Спорттың 7 түрінен өткен сайыста үстел теннисі, тоғызқұмалақ, арқан тартысы және кіші фуболдан 2-орын бұйырды. Мадимар Мұхаммеджан есімді студентіміз кір тасын көтеруден алдына жан салмай, 1-орынды иеленді. «Сарыағаш» медресе-колледжінің шәкіртері мен жаттықтырушыларын жеңіспен және жүлделі орындарымен құттықтаймыз!!! Спортпен шұғылданыңыздар, дендеріңіз сау болсын!!!

Related Post

Бас мүфтидің ел халқына ҮНДЕУІБас мүфтидің ел халқына ҮНДЕУІ

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты ел халқына ҮНДЕУІ   Құрметті бауырлар! Мұсылман қауымының ұлық мерекесі

⚜️Алғыс айту күні: Адамға Алғыс, Аллаға Шүкіршілік**⚜️Алғыс айту күні: Адамға Алғыс, Аллаға Шүкіршілік**

🔰1 Наурыз – Алғыс айту күні Қазақстан халқы үшін ерекше мереке. Бұл күн әрбір адамның өз өміріндегі жақсылығын бағалап, ризашылық білдіруіне мүмкіндік береді. Алғыс айту тек адамдар арасында ғана емес,

Сарыағаш медресе колледжінің ұстазы, Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығының азаншысы Сейтқанов Қуаныш Бәкенұлы X Республикалық Құран байқауында топ жардыСарыағаш медресе колледжінің ұстазы, Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығының азаншысы Сейтқанов Қуаныш Бәкенұлы X Республикалық Құран байқауында топ жарды

Республикалық Құран жарысынан “Мәнерлеп оқу” бойынша “Сарыағаш” медресе-колледжінің түлегі, “Нұр-Мүбарак” университетінің магистры, “Сатыбалды Әбішұлы” мешітінің Бас азаншысы Қуаныш Сейітханов бірінші орын алды. 74 үміткер бақ сынаған байқауда жеңіс тұғырынан көріну