Түркістан облысында аттестаттау басталды

Биылғы сараптаудан өткізудің тәсілі бұрынғысынан өзгерек. Алып-қашпа әңгімеден аулақ болу үшін дін қызметкерлерінің білім деңгейін таразылауда ашықтықты қалыптастыру қолға алынды. Яки, бұдан былай тест электронды түрде тапсырылады.
Бұл әдіс бұған дейін сараптаудан өткен мамандардың көпшілігінің көңілінен шықты. Алайда, алғашқы сынақ болғандықтан, компьютер тілін жетік меңгермегендер жаңылысып қалып та жатыр. ҚМБД наиб Мүфти, комиссия төрағасы Алау Әділбаев көштің жүре түзелетініне сенім білдірді.
Түркістан облысынан аттестаттауға сегіз жүзге жуық дін қызметкері қатысады. Алғашқы сараптаудың ашылу рәсімі Сарыағаш медресе-колледжінде өтті. Он алты аудан үшке бөлініп тапсырады. Бүгін-ертең Қазығұрт, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарының имамдары мен молдалары, ұзын саны 126 адам сынақтан өтеді.
Діни басқарманың бөлім меңгерушісі электронды тестілеудің техникалық ерекшеліктерін түсіндірді, ережесімен таныстырды.
Ақида, фикһ, заң пәндері бойынша 20 сұрақтан бөлінген. Әр сұраққа 20 минуттан берілген. Осы уақыт аралығында жауап нұсқаларын тауып үлгеру керек. Төмен көрсеткіш жинағандарға қайта тапсыру мүмкіндігі бар.
Бір айдан кейін қайта тапсыруда да мөлшерлі балды жинай алмаған имамның не қызметі төмендетіледі, не біржола шеттетіледі. Тестілеуді кімнің қалай тапсырғаны, компьютер базасында сақталады. Бұл іске адами фактор араласа алмайтындықтан, сынақ тапсырушының өзіне білімінің дәрежесі көрініп тұрады.

Сарыағаш медресе-колледжінің баспасөз қызметі

Related Post

«СТУДЕНТТІК ЛИГА» ЖАРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ«СТУДЕНТТІК ЛИГА» ЖАРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Сарыағашта ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай спорттық жарыс түрлерінен сайыстар өтті. Жарысқа жалпы Сарыағаш ауданынан 6 команда қатысып бақтарын сынады. Мақсат — жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау, аудан

Ақпараттық насихат тобы медреседеАқпараттық насихат тобы медреседе

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобы (РАНТ) өз жұмысын Оңтүстік Қазақстан облысында бастап кетті.

🤩СҮЙІНШІ,ҚҰРМЕТТІ АҒАЙЫН!🤩СҮЙІНШІ,ҚҰРМЕТТІ АҒАЙЫН!

🔰Сарыағаш медресе колледжінің жанынан медресенің қыздар бөліміне қарасты “Жамал апа” атындағы жатақхананың құрылыс жұмыстары өз мәресіне жетті. 🔰Қараша айының 16-жұлдызында Алла жолында білім алушы шәкірт қыздарымызға қолданысқа берілгелі жатыр. 🔰Алланың