Үлкен жақсылық

Бір күні бір кісі үйінің есігін ашқанында полициялар тұрғанын көреді. Қобалжып:
— Бірдеңе керек пе еді?- деп сұрайды. Комиссар:
— Үйіңізді тонаған ұрыны ұстадық, -деп жауап береді.
Әлгі кісі шамалы тұрып, «Қане ішке кіріңіздер!» деп шетке шегінеді. Бәрі бірге ішке кіреді. Кісі алдын полициялармен, кейін жас жігітпен қол алысып:
— Келгендерің қандай жақсы болды. Бұл жігітпен танысқым келіп жүрген еді,- дейді. Полициялардың біреуі:
— Бұл жігіт форма кимейтін полиция қызметкері емес, ол ұры,- дейді.
— Ұры екенін біліп тұрмын, бірақ енді шағымымды қайтып алдым,- дейді. Бәрі таң қалады. Қонақтарға шай, тәттілер ұсынғаннан кейін, әңгімесін жалғастырды:
— Үйім тоналудан алдын, түннің бір уағына дейін отырғанымнан, таң намазына тұра алмайтын едім. Қанша қаласам да күніне Құран кәрімнің бір парағын да оқуға уақыт таба алмайтынмын. Оқыған намаздарым да, асығыстықтан шала-шарпы болатын. Бұл жас жігіт мені осы ғафлеттен (қараңғылықтан) құтқарды. Өйткені теледидарымды ұрлаған еді,- дейді.

Related Post

Аллаһ разылығы үшін жасалған амалдарға Алланың берген сыйыАллаһ разылығы үшін жасалған амалдарға Алланың берген сыйы

Умра жасау үшін келген Сауйдиялық 70 жасар әйел ғажайып оқиғаны басынан өткізді. Қарт ана Сафа мен Маруа арасында жүруді бастап, екінші рет барып келгенше әлсізденіп,зорығып қалады.Әлсізденгенін сезген ана, қарттарды алып

Сарыағаш медресе колледжінің арнайы пән оқытушысы – республикалық байқаудың жеңімпазы!Сарыағаш медресе колледжінің арнайы пән оқытушысы – республикалық байқаудың жеңімпазы!

Қуанышпен бөлісеміз! Сарыағаш медресе колледжінің теология саласында қызмет етіп жүрген ұстазы Хайридинов Зухридин Заинидинович«Үздік теолог – 2025» атты республикалық байқауда жүлделі І орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды.Бұл байқау еліміздегі діни