Орта азияда теңдесі жоқ мешіт бой көтермек

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Ержан қажы Малғажыұлы
және наиб мүфти Ораз Серікбай Сатыбалдыұлы, облысымыздың өкіл имамы Ахметжан Керімбеков Сарыағаш медресе колледжіне арнайы ат басын бұрды. Алдымен келген қонақтар жаңа ғимараттың құрылысын көріп шықты. Естеріңізге сала кетейік медресе колледжіміздің алдында аумағы 2,5 га көлдің ортасына орта азияда теңдесі жоқ сәулетті мешіт бой көтермек. ҚМДБ ның ғұламалар кеңесінің ұсынысымен жақында өмірден өткен ұстазымыз Сманов Абсаттар Шәкірұлының есімі берілмек. Мүфти хазіреттің келудегі мақсаты аталмыш мешіттің қазығын қағып ақ батасын беріп кету болды. Қазық қағу барысында  мүфти хазрет мешіт салудың сауабын атап өтті. Сөз соңында колледжімізден танымал ғұламалар шығуын Алладан сұрап батасын берді. Сарыағаш қаласының төбе биі Рахымберді Оспанов өз кезегінде сөз алып, мешіттің басы қасында жүрген ұстаз Сманов Абдужаппар Шәкір ұлының әкесі Шәкір ешанның кешегі кеңестің қылышынан қан тамған заманында да дінді насихаттауын тоқтатпай асыл дінімізді насихаттап келер ұрпаққа жеткізгенін тілге тиек етті. Алла бастағалы тұрған ісімізге береке берсін!

Сарыағаш медресе колледжі баспасөз қызметі 

www.medrese.kz

IMG_6010IMG_6054IMG_6069IMG_6102

Related Post

ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУ-2023⚜️ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУ-2023⚜️

🔰Колледжімізде өзін-өзі басқару ұйымының президенттік сайлауына қатысушы үміткерлердің үндеуі! 🔰Сайлау барысын және нәтижесін алдағы уақытта хабарлайтын боламыз!

Келелі кездесуКелелі кездесу

Бүгін ОҚО Сарыағаш ауданы, Жарты төбе а/о Ынтымық ауылында орналасқан  «Сарыағаш медресе колледжіне» іс сапарымен ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбек келіп кетті.

18 наурыз – Ұлттық киім күні құтты болсын!18 наурыз – Ұлттық киім күні құтты болсын!

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов баршаңызды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтайды. Бұл күн Наурыз мейрамы аясында аталып өтіп, қазақ халқының дәстүрлі киімдерін дәріптеуге арналған. Ұлттық киім – халқымыздың

Орта азияда теңдесі жоқ мешіт бой көтермек

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Ержан қажы Малғажыұлы
және наиб мүфти Ораз Серікбай Сатыбалдыұлы, облысымыздың өкіл (далее…)

Related Post

ҚМДБ: «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияландыҚМДБ: «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің имам-молдалары мен дінтанушы-ғалымдары үшін 2014 жыл – «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады.