Ұрлық және тонаушылық

Ұрлық, тонаушылық – өзгенің мүлкін, ақшасын ұрлау, рұқсатсыз алу, күштеп тартып алу, өзгенің меншігін ақысыз (әділетсіз) түрде өз иелігіне өткізу деген сөз. Рұқсатсыз алынған және ұрланған нәрселер арзымаған нәрсе болса да, үкімдері бір және харам болып табылады. Ұрлық жасау  үлкен күнәлардың бірі. Еркектерден де, әйелдерден де, бұл күнәға тұтылған адамдар өте көп. Сондықтан ұрлықтың не екенін біліп, одан сақтану керек. Ниса сүресінің 29-аятында: «Ей иман еткендер, бір-бірлеріңнің меншіктеріңді араларыңда бұрыс жолмен жемеңдер. Яғни Исламның харам еткен пайыз, құмар, ұрлық және күштеп тартып алу секілді бұрыс жолдарымен жемеңдер. Тек қана бір-бірлеріңнен разы болатын түрде болсын, сауда жолымен болсын» делінген.

Өтірік айту, өсек айту, ғайбат ету, жала жабу, ұрлық, айла, қиянат ету, адамдарды ренжіту, фитна шығару, өзгенің затын рұқсатсыз қолдану, жұмысшының, жүк тасушының бейнетақыларын бермеу күнә болады. Бұларды мұсылман болмаған адамға да, мұсылман емес мемлекетте де жасау күнә болады. Ғибадаттардың қабыл болуы үшін ұрлық, айла (саудада қулық) және қиянат секілді күнәлардан тыйылу керек.

Ұрлық үлкен күнәлардан болуымен қатар, басқа да үлкен күнәларға да жол ашуы мүмкін. Мәселен адам өлтіруге, мал-мүлкінің ұрлануымен шарасыз, ғаріп жағдайға түскен адамның дінінің, дүниесінің зиянға ұшырауына т.б. Ұрланбағанда ол мал-мүліктің қайырлы істерге жұмсалатын болуы, яғни ұрлап бұған кедергі болу күнәны одан да арттыра түседі. Мәселен қайырымдылық қорларының ақшаларын ұрлау бұл күнәны арттыра түседі.

Мұқтаж, шарасыз қалған адам да ұрлыққа, тонаушылыққа ұрынбауы тиіс. Жұмыс тауып, еңбек етіп, халал жолмен табыс табуы керек. Қажеттілігін қамтамасыз ететіндей мөлшерде қарыз алу керек. Қайтарып беру ниетімен қарыз сұраған адамға қарызын қайтаруға Аллаһ  тағала көмектеседі.

Related Post

ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУ-2023⚜️ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУ-2023⚜️

🔰Колледжімізде өзін-өзі басқару ұйымының президенттік сайлауына қатысушы үміткерлердің үндеуі! 🔰Сайлау барысын және нәтижесін алдағы уақытта хабарлайтын боламыз!

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан Болатқанұлы және Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбилдаұлымен бірге арнайы іс-сапармен медресе колледжімізге келді.Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан Болатқанұлы және Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбилдаұлымен бірге арнайы іс-сапармен медресе колледжімізге келді.

Күні кеше ғана Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан Болатқанұлы және Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары

⚜️Ата-ана мен байланыс орнату, шәкірттердің үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы.⚜️Ата-ана мен байланыс орнату, шәкірттердің үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы.

🔰Дәл осы себепті бүгін 2024-2025 оқу жылына қабылданған жас талапкерлердің ата-аналарына “Сарыағаш медресе колледжін” таныстыру жиыны өтті. 🔰Іс-шараға колледж директоры Дінмұхаммет Абдужаппарұлы, колледж әкімшілігі, топ жетекшілері және жалпы ата-аналар қатысты.