Мемлекеттік емтихан тапсырды

Алланың Елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) ең алғаш түскен: «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы!», – деп басталатын «Алақ» сүресінің алғашқы аяттары еді. Яғни, Жаратқан Иенің атымен оқу, білім алу парасаттылыққа қол жеткізудің негізгі баспалдағы. Мұсылмандықтың қырық парызының бірі – білім іздеу. Осыларды басшылыққа алған қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бабамыз балаларды білімге шақырғанда: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық», – деп, білімді Алланың атымен бастап, білім алуға насихаттаған.

«Сарыағаш медресе колледжінің» бітіруші шәкірттері Құран, фиқһ, араб тілі пәндерінен мемлекеттік емтихан тапсырды.

Аталмыш емтиханды Бақтыбай Бейсенбаев, ҚМДБ-ның оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі , ОҚО орталық  мешітінің найб имамы Еркебұлан Қарақұлов, «Шымкент медресе колледжінің» ұстазы Абдиров Айтжан  қабылдады.

Бірер күндерде диплом алып, ілім деген аманатты арқалап үлкен өмірге қадам басатын түлектерге  Алла Тағала алдағы жолдарын ашсын деп тілейміз!

 _MG_9586 _MG_9614 _MG_9634

Related Post

Сарыағаш ауданы әкімінің кубогыСарыағаш ауданы әкімінің кубогы

Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырыумен, арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында ұлттық спорт түрлерінен «Студенттік лига» ойындары болып өтті.  

Үлкен жақсылықҮлкен жақсылық

Бір күні бір кісі үйінің есігін ашқанында полициялар тұрғанын көреді. Қобалжып: — Бірдеңе керек пе еді?- деп сұрайды. Комиссар: — Үйіңізді тонаған ұрыны ұстадық, -деп жауап береді. Әлгі кісі шамалы

Судың нәжіс болуымен тазалануыСудың нәжіс болуымен тазалануы

С: Суға бірдеме түссе, тазалығы бұзылама? Ж: Алла тағала  суды таза күйінде әрі басқа нәрселерді тазалау үшін жаратты. Бірақ оған аз ба, көппе былғанған зат түссе, тазалық бұзылады.