Үлкен жақсылық

Бір күні бір кісі үйінің есігін ашқанында полициялар тұрғанын көреді. Қобалжып:
— Бірдеңе керек пе еді?- деп сұрайды. Комиссар:
— Үйіңізді тонаған ұрыны ұстадық, -деп жауап береді.
Әлгі кісі шамалы тұрып, «Қане ішке кіріңіздер!» деп шетке шегінеді. Бәрі бірге ішке кіреді. Кісі алдын полициялармен, кейін жас жігітпен қол алысып:
— Келгендерің қандай жақсы болды. Бұл жігітпен танысқым келіп жүрген еді,- дейді. Полициялардың біреуі:
— Бұл жігіт форма кимейтін полиция қызметкері емес, ол ұры,- дейді.
— Ұры екенін біліп тұрмын, бірақ енді шағымымды қайтып алдым,- дейді. Бәрі таң қалады. Қонақтарға шай, тәттілер ұсынғаннан кейін, әңгімесін жалғастырды:
— Үйім тоналудан алдын, түннің бір уағына дейін отырғанымнан, таң намазына тұра алмайтын едім. Қанша қаласам да күніне Құран кәрімнің бір парағын да оқуға уақыт таба алмайтынмын. Оқыған намаздарым да, асығыстықтан шала-шарпы болатын. Бұл жас жігіт мені осы ғафлеттен (қараңғылықтан) құтқарды. Өйткені теледидарымды ұрлаған еді,- дейді.

Related Post

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде бітіруші курс шәкірттерімен маңызды мазмұнға ие тағылымды жиын өтті.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде бітіруші курс шәкірттерімен маңызды мазмұнға ие тағылымды жиын өтті.

Аталған басқосу – жас түлектердің алдағы жауапты кезеңге қадам басар алдындағы рухани әрі академиялық дайындықтарын пысықтауға бағытталған мазмұнды кездесу болды.Жиын барысында колледж директоры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы сөз сөйлеп, бітіруші түлектерді