Жаңылу сәждесі

Бір күні мешітте шәкірттерімен бір мәселені талқылап отырған ғұлама, дәрісіне үзіліс беріп,шәкірттеріне тынығып алыңдар дейді. Сол кезде мешітке үнемі келіп, жұрттан көрген намазын оқып , біресе жығылып, біресе жығылып, біресе тұрып күбірлеп жүретін есі басы кемістеу жігітті көзі шалған ғұлама қасына шақырып әңгімеге тартады :

— Сен бізге айта қойшы, Сәху сәжде деген не?- деп сұрайды.

Сонда әлгі жігіт:

— Сіздің саху сәждеңізбе , әлде өзімнің саху сәждемді ме? – дегенде ғұлама іштей, мен білетін саху сәжде біреу,мынау тағы не нәрсе айтпақшы өзі, деп таңырқап тұрады да:

— Жарайды алдымен менікін айт, сосын өзіңдікін айтарсың – дейді.

— Сіздің саху сәждеңіз намазда жаңылғанда екі рет қосымша сәжде. Мысалы , намаздың парызын кешіктіргенде, яки бір уәжіпті ұмытып тәрк еткенде намаздың соңында қателесу сәждесін жасайсыз. Ал менің саху сәждем: Мен қай кезде Аллаһты ұмытсам , сол кезде «жаңылғаным үшін кешіре гөр» деп сәждеге жығыламын, — деп жауап бергенде әлгі ғұлама жігіттің жауабына таң қалып , қанша нәрсе білсе де өзінен төмен санап жүрген өмірлік үлкен сабақ алып үйренері көп екенін түсінген екен.

Related Post

«НАМАЗ» тақырыбында уағыз насихат айтылды«НАМАЗ» тақырыбында уағыз насихат айтылды

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Д.Сманов 03.05.2022 ж колледж шәкірттеріне «НАМАЗ» тақырыбында уағыз насихат айтты. Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы. Исламның негізгі бес парызының бірі. Намаз – өзін мұсылман

🕌 САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНЕ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!📚 2025–2026 оқу жылы🕌 САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНЕ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!📚 2025–2026 оқу жылы

📢 Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!Егер балаңыздың болашағы рухани тәрбие және біліммен нұрлансын десеңіз – Сарыағаш медресе колледжі сіз үшін ең дұрыс таңдау! 🎓 Біз ұсынатын мүмкіндіктер: ✅ Исламтану мамандығы бойынша

Құдықты нәжістерден, лас-кір заттардан тазалауҚұдықты нәжістерден, лас-кір заттардан тазалау

 С: Құдық суы таза екені атап өтілді. Дегенмен, оған нәжіс түссе қалай тазаланады? Ж: 1) егер құдыққа кір-қоқыс түссе немесе оның ішіне әлдебір жануар түсіп, өліп қалса, оның ішіндегі барлық