Ұры

Самат аға ауылдағы қарапайым кісілердің бірі еді. Кейбір адамдар ол кісіні адамдармен мәміле жасай алмайды деп ойлайды. Себебі көп сөйлемейтін, мағынасыз сөздерден өзін тиятын басқалармен шаруасы болмайтын жан еді.  Күндердің күнінде арам жолмен оңай олжаға кенелгісі келген ұрылар, Самат ағаның есегін ұрлап базарға өз есегін сатуға апарған адам сияқты алып барады. Базарды айналып жүрген Самат аға кенеттен өзінің ұрланған есегін көріп қалып жар салды:  Бұл менің есегім өткен аптада ұрлап кетіп еді. Ұры да айлакер екен: Сен өтірік айтып тұрсың мен бұл есекті қодық кезінен бағып келемін деді. Сол кезде Самат ағаның басына бір пікір келді. Есектің көздерін қолдарымен жауып, ұрыға егер сен есектің иесі болсаң,  есектің қай көзі соқыр деп сұрады. Ұры біраз ойланып : Оң көзі деді. Самат аға есектің оң көзін ашып, көрдің бе есектің оң көзі көреді деді, сасып қалған ұры сол көзі деді. Сол көзінде ашып бұл көзі де көреді деді. Айналасына жиналған базардағы халық, есектің екі көзіде көретінін біліп, ұрыны ұстап алып қазыға берді. Самат аға есегіні міне ауылына қайтты, енді ауылдастары Самат ағаның тапқыр зереке екенін білді.

Пайғамбарымыз с.а.у ұрлық қылғандарды лағынеттеп былай деген

Ұрыны Алла лағнеттесін (Бухори)

Өзбек тілінен аударған

                                                             Байтемирова Гүлімхан

Related Post

Ұстазын жылатқан жауапҰстазын жылатқан жауап

Мұғалім, бір оқушыдан үлкейгенде кім боласың деп сұрап еді айналасындағы басқа оқушылар күліп мазақ қыла бастады. Себебі басқа оқушылардың жауабы ұшқыш, дәрігер, сот, прокурор дегендер еді. Бірақ бір оқушы ғажайып

Жоғалған байлық қиссасыЖоғалған байлық қиссасы

Бір күні кешке бір адам Имам Әбу Ханифа раҳматуллоҳи алайҳтың алдына келіп «Ей имам, біраз уақыттан бері байлығымды көміп, жасырып келмін, енді сол байлығымды қайда көмгенімді есіме түсіре алмай отырмын.

Ауыздағы тасАуыздағы тас

Пайғамбарымыз (с.а.у ) Әбу Бәкірмен (р.а) бірге отыр еді, бір әдепсіз кісі келіп, Әбу Бәкір (р.а) дың намысына тиетін сөздер айта бастады. Пайғамбарымыз (с.а.у) ол әдепсіздікке үнсіздікпен жауап берді.