ҚМДБ: «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің имам-молдалары мен дінтанушы-ғалымдары үшін 2014 жыл – «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады.

Мүфти-хазреттің мешіт имамдарына жолдаған Үндеуінде дініміз бен дәстүрімізді жаңғырту жолында бірқатар мәселелерге баса назар аударылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы бағытта төмендегідей іс-шаралар мен игі жобаларды жүзеге асыратын болады:

1.    Тіліміздің қолданыс аясын кеңейтіп, дініміз бен ділімізді жаңғырту;

2.    Исламмен бітеқайнасқан салтымызды насихаттау;

3.    Жастардың бойына ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі тәлім-тәрбиені қалыптастыру;

4.    Имандылықты жырлаған қазақтың ақын-жазушылары, жыраулары, би-шешендері мен қайраткерлерінің тұлғалық қасиеті мен баға жетпес бай мұрасын насихаттау;

5.    Жамағатқа шариғаттағы әдет-ғұрыптың орны мен рөлін түсіндіру;

6.    Жамағатты салт-дәстүрді құрметтеуге, қастерлеуге үгіттеу;

7.    Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

«Осы бағытта конференциялар мен кездесулер ұйымдастыруды, арнайы уағыз-насихат жүргізуді, кітапшалар шығаруды, телерадио жобаларын жүзеге асыруды тапсырамын», – делінген Ержан қажы Малғажыұлының имамдарға жолдаған Үндеуінде.

Айта кеткен абзал, жуырда Бас мүфтидің бастамасымен «Дін мен дәстүр» атты кітап жамағатқа жол жартты. Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза бастаған, әдебиеттанушы-ғалым Тұрсынбек Кәкішев қостаған ұлтымыздың қос қанатты іспеттес – дін мен дәстүрдің сабақтастығын насихаттайтын тұңғыш туынды зиялы қауым өкілдерінің қызу қолдауына ие болды.

Алғашқы ізденістің жемісі болған «Дін мен дәстүр» кітабының екінші, үшінші томын шығару көзделіп отыр.

www.muftiyat.kz

Related Post

Еңбек күніне” орай өткізілген бұл шараЕңбек күніне” орай өткізілген бұл шара

⚜️Ерен еңбегімен ел есінде қалған тыл ардагерлерінің есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмау мақсатында еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. 🔰28-қыркүйек “Еңбек күніне” орай өткізілген бұл шара өскелең ұрпаққа берері мол. 🔰Шәкірттеріміз өзі емес

Шаһид үкімдеріШаһид үкімдері

С: Шаһид үкімі қандай? Ж: Жау қолынан қаза тапқан немесе соғыста алған жарақатының зардабынан көз жұмған немесе мұсылмандар қолынан жазықсыз құрбан болып, оның өліміне  диа (құн) уәжіп болмаған мұсылман шаһид

Шөлден келген шипа – ҚұрмаШөлден келген шипа – Құрма

Рамазан айының және дастархандардың бас мәзірі болған құрма – жай ғана жеміс емес, ол денсаулық қоймасы. Атап айтқанда: Құрманың құрамындағы фосфор мидың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Шаршағанда жақсы көмектеседі. Құрмада В1