Қош келдің Мәуліт!

Осы айда еліміздің әр түкпірінде пайғамбарымыз Мұхамедтің, оған Алланың сәлемі болсын, туған күні, яғни мәуліт мерекесі аталып өтіп жатыр. Кеше күллі жамағат асыға күтетін шарапаты мол мейрамға орай Сарыағаш медресесінде жиын болып өтті.

Мәуліт араб тілінен аударғанда «туылған, дүниеге келген» деген мағынаны білдіреді. Мәуліт тек Пайғамбарымыз Мұхамедке (с.ғ.с) тән ұғым. Бұл мерекеде күллі жамағат Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмір жолына кеңінен тоқталып, ғибрат істеріне мадақ айтады.

Жиынға ауданымыздың бас имамы Қанат Кенжебеков келіп кешімізде қонақ болды.  Аудан имамы Мәуліт жайында тоқталып елімізде мұны бидғатқа шығаратындар да бар екеніне тоқталып Мәуліт жайлы түсіндіріп өтті. Мысыр елінен келген Сарыағаш медресесінің ұстазы  Ахмад  Хэгази  Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік, Аллаһтың соңғы Пайғамбарына с.а.у берген нығметі жайлы уағыздап берді. Кешімізде  діни өлеңдер оқылып,  жиынымыз соңында медресеміз ұзақтан жақыннан келген жамағатқа арнап дастархан жайды.

 

Related Post

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сарыағаш медресе колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты.ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сарыағаш медресе колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты.

  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысының Сарыағаш ауданында орналасқан «Сарыағаш» медресе-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты. Кездесуге ҚМДБ-ның Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс

Әділбаев Алау Шайқымұлы «Сатыбалды Әбішұлы» мешітінде Жұма уағызын жүргізедіӘділбаев Алау Шайқымұлы «Сатыбалды Әбішұлы» мешітінде Жұма уағызын жүргізеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, PhD доктор, дінтанушы-теолог Әділбаев Алау Шайқымұлы «Сатыбалды Әбішұлы» мешітінде Жұма уағызын жүргізеді