ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сарыағаш медресе колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты.

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысының Сарыағаш ауданында орналасқан «Сарыағаш» медресе-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Кездесуге ҚМДБ-ның Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов, Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтар қатысты.

Алдымен Бас мүфти елімізге белгілі дінтанушы-ғалым марқұм Әбдіғаппар Смановтың рухына Құран бағыштап, дұға жасады. Одан кейін жуырда ғана «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры қызметіне тағайындалып, жұмысына кіріскен Дінмұхаммед Смановтың атқарып жатқан жұмыстары мен жоспарлары туралы қысқаша баяндамасы тыңдалды.

Сондай-ақ,  кездесу барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы шәкірттерге, жалпы жастарға білім алуды, бос уақытты тиімді пайдаланып спортпен шұғылдануды, табиғатты аялауды, ата-ананы құрметтеуді, түрлі теріс әдеттен аулақ болуды, т.б. асыл қасиеттерді бойға сіңіріп, амал етуге шақырды.

www.muftyat.kz

Related Post

ҰСТАЗ ЕРКІН КАДИРОВ|ҚҰРАНҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТҰСТАЗ ЕРКІН КАДИРОВ|ҚҰРАНҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

Қасиетті Құран Кәрім – он төрт ғасырдан бері мұсылмандар үшін рухани бастама және шабыт көзі. Бұл – Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи ретінде түсіп, әлі күнге

⚜️Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы Халал Даму ЖШС бойынша бақылаушы маманы Сарыбаев Қазыбек мырза және қыздар бөліміне ҚМДБ -ныңШымкент қаласы Халал Даму ЖШС бойынша бақылаушы маманы, технолог Аралбай Аружан арнайы ат басын бұрып «Сарыағаш-медресе» колледжі студенттерімен кездесті.⚜️Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы Халал Даму ЖШС бойынша бақылаушы маманы Сарыбаев Қазыбек мырза және қыздар бөліміне ҚМДБ -ныңШымкент қаласы Халал Даму ЖШС бойынша бақылаушы маманы, технолог Аралбай Аружан арнайы ат басын бұрып «Сарыағаш-медресе» колледжі студенттерімен кездесті.

🔰Аталған жиналыс барысында студенттерге жалпы тағам өнімдерін сатып алған кезде тауардың этикеткасындағы мәліметке мұқият мән беру керектігі жайлы ескертіп, адал ас пенденің дұғасының қабыл болуына, кемел білімге қол жеткізуіне, сонымен